ҚОРҒАНЫС ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ ҚАТАҢ ТЕКСЕРІЛДІ

0 171

өртке қарсы қорғаныс жұмыстарының сапасын арттыру

Елордада өртке қарсы қорғаныс жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында жүйелі түрде тексеру жүргізіледі. Содан кейін анықталған мәселелер Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысында қаралады, деп мәлімдейді Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті.

Өртке қарсы құрал-жабды­ғының жағдайы тексерілген кезде есептен шығарылған және басылып тасталған өрт сөндіру гидранттары анықталды.

«Кеден Транс Сервис», «Асыл сыра» ЖШС, «Вокзалсервис» АҚ шаруашылық субъекті­лері балансындағы барлық қондыр­ғыларды қайта тексеріп, ауыстыру қажеттігі айтылды.

Бұдан басқа, көп қабатты үй­лердің өртке қарсы қорғанысына баса назар аударылды. Осы бағытта тұрақты тексерулер жүргізіліп, өртке қарсы автоматика жүйесін кезең-кезеңмен қалпына келтіру жоспары әзірленбек. Алдағы уақытта өрт сөндіру автоматикасын күтіп-ұстау жалпы үйлер қажеттілігінің есебіне енгізілуі мүмкін.
Қала тұрғындарының қауіп­сіздігі өртке қарсы қызмет қон­дырғысының, тұрғын үйлер авто­матикасының дұрыс жұмы­сына байланысты болады. Бұдан басқа, «ЭКСПО-2017» аясында Астанаға 5 миллионнан астам шетелдік қонақ келеді деп кү­ті­луде. Сондықтан, тө­тенше жағ­­дайлар қызметінің қала тұрғын­дары мен қонақтарының қауіп­сіздігін қамтамасыз етуі аса маңызды болып отыр.

Сағи ОРАЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen − nine =