Қоқысты жинайды әрі өңдейді

0 12

Елордада құрылыс қалдықтарын жинайтын және өңдейтін алаңның құрылысы басталды. Бұл жерде кірпіш, асфальт, бетон қалдықтарын өңдейтін ұсақтау кешенін тұрғызу қарастырылып отыр.– Елорданың шеткері аймақтарына құрылыс қоқысы заңсыз шығарылып жатыр. Бұл экологияның нашар­лауына және қоқыс тастауға рұқсат етілмеген орындар санының артуына ықпал етеді. Осындай фактілерге жол бермеу үшін қалада құрылыс қалдықтарын жинау және өңдеу үшін алаң құрылысы басталды. Сонымен бірге бұл «Северная гряда» карьерін одан әрі қалпына келтіруге мүмкіндік береді, – деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында.
Әкім бұл кешеннің бірнеше маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік беретінін айтты. «Біріншіден, құрылыс қалдықтарын жинауға арналған орталықтандырылған бір-ақ орын болады. Екіншіден, алаңда кірпіш, асфальт, бетон сияқты құрылыс қалдықтарын өңдеуге арналған ұсақтау кешенін орнату қарастырылған. Бұл шикізаттың бір бөлігін қайта пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қалдықтарды кәдеге жарату процесін жеңілдетеді. Үшіншіден, қайта өңделген құрылыс қалдықтарын ­карьерді қалпына келтіру үшін де пайдалануға болады» деп түсіндірді мәселенің мәнісін қала басшысы.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × one =