Қоқыс жинап, қаражат табады

0 52

Енді елорда тұрғындары макулатура, пластик, шыны және ­металл қаптама қалдықтарын тапсыру арқылы табыс таба алады. «EcoQoldaý Home» экологиялық жобасының тиімділігіне алғаш­қылардың бірі болып Нұр-Сұлтан қаласындағы «Dream city» және «Есіл» тұрғын үй кешендерінің тұрғындары көз жеткізді.Жобада қаланың кішкентай тұрғындарының белсенділігі жоғары. Оларға эко-жаттықтырушылар қалдықтарды сұрыптап жинау бойынша шеберлік сабақтар ұйым­дастырды. Сондай-ақ бүлдіршіндермен эко-квест, интерактивті ойындар өткізіліп, үздік шыққандарға сыйлықтар табысталды. Алғашқы күннің өзінде аталған тұрғын үй кешендерінің тұрғындары 100 келіден астам қалдықты жинап өткізді.
Бұл жоба қаланың өзге аудандарында келесі айдан бастап іске қосылады. Жобаға пәтер иелері кооперативі, мүлік иелері бірлестіктері де қатыса алады. Экологиялық жобадан түскен қаражатты ауланы абаттандыру, үйді жөндеу, ауланы жаңғыртуға жаратуға болады.
Ел аумағында «Eсo­Qoldaý» жобасы іске қосылғаннан бері 42 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, жоба қатысушыларына 1 миллиард теңгеден астам қаражат төленген. Қазіргі таңда бұл бастамаға Қазақстанның барлық өңірінен 465 кәсіпкер қолдау білдірді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 + three =