Қоныстой қуанышы

0 31

Жыл басынан бері 400-ден астам астаналық отбасы апатты үйлерден көшіп, жаңа пәтерлерге қоныстанды. Соның бірі Гүлнәр Қызылтаева бұған дейін отбасымен апаттық жағдайдағы ескі жатақханада тұрып келген.

«Жаңа пәтеріміз кең, жылы әрі жайлы. Үйіміз орналасқан тұс та өзімізге ұнайды. Мұнда мектептер, балабақшалар, дүкендер және медициналық мекемелер сияқты адамға қажет инфрақұрылымның бәрі бар. Қатты қуанып жүрміз. Бізге көрсеткен көмегі үшін елорда әкімдігіне алғыс айтқымыз келеді» дейді ол.
Ал Людмила Баранова 30 жылдан астам уақыт барақ үйде өмір сүрген. «Бұрынғы және қазіргі үйімізді салыстыруға келмейді, аспан мен жер сияқты. Барақ үйіміз жылытылмайтын, қалың киініп ұйықтайтынбыз. Сумен жабдықтау және кәріз желісі атымен болмайтын. Ал қазіргі пәтерімді жылдар бойы армандадым. Бәрі өзім қалағандай болды. Енді мен үшін әр күнім мереке сияқты. Мұндай сыйлық жасаған билікке көп рақмет» дейді ол қуанышын жасыра алмай.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen − twelve =