Қоңырау сыңғыр қағады

0 53

Бүгін оқу жылы аяқталды. Онлайн режимде соңғы қоңырау соғылды. Жылда тап осы күні мектеп түлектерінің шарасы салтанатты түрде өтетін. Алайда биылғы 25 мамыр бұрынғыдан өзгеше. Осымен екінші рет елімізде оқушылар мектеппен үйде отырып қоштасты.Бұл мереке – ата-аналар үшін қуанышты күн, оқушылар үшін қимас балалық шақпен қоштасу күні, сағыныш сезімін ұялатып, өткенге қайта оралтатын ертеңгі күнге сенімді серік етіп, үкілеген үмітті арқау ететін күн. Жылылықтың мекеніне айналған мектеппен қош айтысар түлектер үшін соңғы қоңырау рәсімінің маңызы айырықша. Дегенмен әлемді жалмаған пандемия қоғамның дәстүрлі үрдістеріне шектеу салуда.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті карантин кезінде соңғы қоңырау мен аттестаттарды тапсыру салтанатын өткізу талаптарын жариялады. Шара тек санитарлы-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталған жағдайында ғана рұқсат етілген. Атап айтқанда, 9, 11 (12) сынып түлектерінің мектеппен қоштасу салтанаттары тек ашық алаңда (таза ауада) өткізіледі. Басқа ешқандай шаралардың өтуіне рұқсат берілмейді. Ал басқа сыныптар үшін соңғы қоңырау салтанаты онлайн видео-конференция түрінде өткізіледі.

Соңғы қоңырау шарасының ұзақтығы 45 минуттан аспайды. Аттестаттарды тапсыру сәтінде қол алысуға болмайды. Бетперде кию және 2 метрлік арақашықтық сақтау міндеттеледі. Салтанат аяқталғаннан кейін көшеде, тамақтану орындарында бұқаралық шара өткізуге тыйым салынады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

6 + 13 =