ҚОМСЫНБАСАҢ, ҚОҚЫС ТА КӘДЕЛІ

0 115

Астанада қалдықты қайта өңдеу процесін арттыруға қатысты Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елорда әкімдігі арнайы бағдарлама әзірлеген. Соның аясында шаһардағы қоқыс контейнерлерін жаңарту және осы мақсатта инновациялық технологияларды енгізу жоспарлануда. Аталмыш құжат бүгін бірқатар ведомство басшыларымен өткен дөңгелек үстел жиынында талқыланды.

Шараға Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әділбек Сәрсембаев, Парламент Мәжілісінің депутаты әрі экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі комитеті мүшесі Серік Сейдуманов, Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті директоры Жан Нұрбеков, «Қазақстандық МЖС орталығы» ұйымының вице-президенті Айдос Көбетов қатысып, қоқыстың қоршаған ортаға әсері жайлы әңгіме өрбітті.

Олардың айтуынша, бүгінде Астанада қатты тұрмыстық қалдыққа арналған 12455 контейнер орнатылған. Онда күн сайын 969 тонна, ал жылына 353,6 мың тонна қалдық жиналып, шығарылады. Оны тасымалдаумен «Астана Тазарту» және «Таза әлем» компанияларымен қатар 40 шақты ұсақ ұйымдар айналысады. Жан басына шаққандағы тариф құны көп қабатты үйлер үшін 259 теңгені, ал жеке сектор үшін 276 теңгені құрайды.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 3 =