Қомақты қаражат қайда жұмсалады?

0 104

Еліміздегі өзгеріске де, сынға да көбірек ұшырайтын екі саланың бірі – денсаулық. Бұл салаға бөлінетін қаржы аз деп айта алмаймыз. Соған қарамастан қарқынды дамып кеткені көрінбейді. Күні кеше үш жылдық бюджетті жоспарлау барысында денсаулық сақтау саласына тағы да қомақты қаражат бөлінді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Надежда Петухованың айтуынша, осы салаға бөлінетін 2,3 триллион теңге заманауи технологиямен жабдықталған ауруханалар мен емханалар салуға жұмсалмақ. Ақ халаттылардың жалақысын көбейту де жоспарланып отыр. Бұл жұртшылыққа көрсетілетін медициналық жәрдемнің сапасын жақсартуға әсер етеді дейді депутаттар.
Әрине, медициналық мекемелердің заманауи құрылғылармен жабдықталғаны дұрыс-ақ. Алайда, бұл техникалардың тілін меңгерген мамандар табылмаса, олардан не қайыр?!
Қаражаттың бір бөлігі халыққа медициналық қана емес, психологиялық, әлеуметтік тұрғыдан көмек беретін орталықтар құруға және емханалар саласында бірқатар реформалар жүргізуге жұмсалмақ.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × two =