«Қолжетімді қала» марафоны өтті

0 4

Бас қалада ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қолжетімді қала» атты марафон өтті.Шараны ұйымдастырып, өткізген – «ДОС» тәуелсіз өмір» ерекше қажеттілігі бар жандардың қоғамдық бірлестігі. Марафонның негізгі идеясы – арбаға таңылған мүгедектердің қалада еркін жүріп-тұруын көрсету. Марафонға 16 адам қатысты. Мотожарыс қозғалысы Қабанбай батыр-Қорғалжын тасжолы-Тұран даңғылы-Орталық саябақ бағытында өтті. Жарыс кезінде барлық санитарлық нормалар сақталып, патрульдік полицейлер қауіпсіздікті қадағалады. «Елімізде алғаш рет біз мототіркемелер арқылы жарыс өткіздік. Елорда осындай марафондарға жол ашып, мүгедектердің жайлы және еркін қозғалысын қалыптастырды» деді «ДОС» тәуелсіз өмір» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Ардақ Отарбаев. Ұйымдастырушылар мұндай жарыстардың игі дәстүрге айналатынын хабарлады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen + three =