Қолжетімді баспана кезекті азайтады

0 15

Бас қаладағы ең негізгі әлеуметтік мәселелердің бірі – баспана. Қазіргі уақытта қала бойынша 50 мыңға жуық адам тұрғын үй кезегінде тұр. Тұрғын үй кезегін азайтып, баспанаға зәру жандарды қолжетімді баспанамен қамту үішін қала әкімдігі ұтымды шаралар қолдануда.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов пен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова қолжетімді тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтардың мәселелерін талқылады.

Қала әкімдігінің басты міндетінің бірі қолжетімді баспанаға кезекте тұрған азаматтардың санын барынша азайту екенін атап өткен қала әкімі Алтай Көлгінов бірінші кезекте қолжетімді баспана алуға кезекте тұрған азаматтарға берілетінін айтты. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді тұрғын үй құрылысы көлемі 3 есеге артады. Қолжетімді тұрғын үй бірінші кезекте ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, мүгедек азаматтарға, толық емес, көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға және халықтың басқа да әлеуметтік топтарына беріледі. Оның ішінде медициналық ұйымдардың қызметкерлері, мұғалімдер мен әлеуметтік қызметкерлер бар. Осы орайда тұрғын үй құрылыс жинақ банкі маңызды функцияны атқарады. Мәселен, өткен жылы тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 10,5 мыңнан астам салымшысы өз пәтерлеріне ие болды» деді Алтай Көлгінов. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова атап өткендей, банк жүйесіне сәйкес клиенттер 3,5 пайыздан 5 пайызға дейінгі мөлшер бойынша тұрғын үй сатып алуға несие алуға мүмкіндік жасалған. «Нұр-Сұлтанда банктің 215 мың салымшысы бар» деді ол.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды