«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Қолжетімді орталық» қайсы?

0 189

Осыны анықтау мақсатында өтіп жатқан Шара аясында қала тұрғындары өздеріне қажет анықтамаларды ірі ойын-сауық орталықтарында, базарларда, емханаларда және сауда орындарында, кеңселер мен мекемелерде ала алады.

22 08 17 news 1

Енді ХҚО-ның қызметкерлері адам­­дар көп жиналатын жерлерге барып қыз­­мет көрсететін болады. Кеше осындай мүмкіндік «MegaSilkWay» сауда-ойын-сауық орталығының келу­шілері мен қызметкерлеріне ұсынылды.
«Президент биылғы Жолдауында бірінші кезекте цифрландыру міндетін қойған болатын. Халық электрондық үкімет арқылы қызмет алудың ыңғайлы әрі тиімді екенін түсінуі қажет. «Астана – адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру аясында біз 8 ақпаннан бастап осындай үлкен істі қолға алдық. Яғни ХҚО-ның қызметкерлері ірі сауда орындарына, кеңселерге барып, сол жерде адамдарға түрлі анықтамаларды алу жолын, e.gov порталын қолдану жолдарын түсіндіріп, көрсетіп, үйретеді» дейді «Астана – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Ж.Жылқышиева.
Қазіргі кезде осы шара аясында электрондық-цифрлық қолтаңба және түрлі қызмет түрлерін 5 мыңнан астам қала тұрғыны алды. ХҚО қызметкерлері болашақта мектептерді аралауды жоспарлауда. Шара бірінші жартыжылдықтың соңына дейін жалғасады.

«Ақшам-ақпарат»

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды