Қолжетімді баспана көлемі артады

0 13

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, биыл елордадағы қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі үш есеге дейін артады. Бұл туралы баспана кезегінде тұрған балалар үйінің түлектерімен жүздесуде қала басшысы Алтай Көлгінов мәлімдеді.«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін биыл 3 есеге дейін ұлғайтамыз. Демек, бас қалада әр санаттағы баспана саны көбейеді деген сөз» деп жазды әкім өзінің инстаграмдағы парақшасында.
Кездесуде тұрғын үй, қосымша білім беру мен медициналық көмек көрсету, жұмысқа орналасу, біліктілікті арттыру сияқты маңызды мәселелер де талқыланған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды