Қолының табы бар

Жақсыдан қалған жәдігер

0 58

Өркениетті елдерде өмірден өткен айтулы адамдардың қолының табы қалған әрбір заты баға жетпес мұра саналады. Бұл үрдіс бізде де жақсы жолға қойылды.Мәселен, елордадағы Сәкен атамыздың мұражайында ақынның өзі тұтынған заттары құнды жәдігерге айналған. Соның бірі – көрнекті қайраткердің чемоданы. Оны орысша «Саквояж» деп айтады. Бұл саквояжды Сәкен Сейфуллин 1930 жылы Мәскеу­ге барғанда, сондағы «Синторг» дүкені­нен сатып алыпты. Мұны бүгінге дейін сақтап, аман жеткізген – Софья Ба­тыр­бекова. Ардақты азаматтың жары Гүлбаһрам апамыз өзі өмірден өткенге дейін, асыл ерінің қолы тиген әрбір дүниесін көзінің қарашығындай сақтап келген. Сондықтан да ол кісі немере сіңілісіне болашақта тұғырлы тұлғаның музейі ашылып жатса, осы чемоданды соған тапсыруды өтініпті. Ал музейге оны 2003 жылы тапсырған. Қазір аталған жәдігер бас шаһардың рухани ордасының біріне айналған ақын мұражайында тұр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 − 15 =