Қолөнерге үйрететін клуб

0 12

Бас қалада «Қолөнер орталығы» аула клубы ашылды. Мұнда тәрбиеленушілерге қолөнер, зергерлік жұмыс, тігін, қыш және сәндік-қолданбалы өнермен айналысу үшін барлық жағдай жасалған.«14-29 жас аралығындағы жастармен жұмыс істейміз. Қолөнер шеберлігі – ата-бабаларымыздың мұрасы. Халқымыздың тарихы өте бай. Басты мақсат – жастарды қолөнерге үйрету, ұлттық кодты сақтау және әрине мәдениетімізді барынша насихаттау. Арамызда өмірін қолөнерге арнаған отбасылар бар. Балалар бізден белгілі бір білім алып, табыс таба алады» деді аула клуб жетекшісі Рауза Балмағамбетова.
Жаңа нысанның басты артықшылығы – балалар үйірмелерге тегін қатыса алады. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда 27 аула клубы жұмыс істейді, ал тәрбиеленушілер саны үш мыңға жуықтады. Мұнда балалардың спорт, модельдеу, робототехника, вокал және бимен шұғылдануына мүмкіндік береді.
«Мен осы аула клубын құру туралы анам арқылы білдім. Қол­өнермен, тігінмен айналысқанды ұнататынмын. Болашағымды осы саламен байланыстырамын. Ұлттық киім дизайнері болғым келеді» дейді «Қолөнер орталығы» аула клубының қатысушысы Жанель.
Қала әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде. Өткен жылдың өзінде қала әкімдігі 76 гектардан астам аумақты абаттандырды: бұл 150-ден астам аула және 60 қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер, бульварлар). Биыл бұл жұмыс белсенді түрде жалғасын табады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 + fourteen =