Қолөнерге баулиды

0 31

Нұр-Сұлтан қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында биыл ашылған «Қолөнер орталығы» аула клубы 40-тан астам шәкірт тәрбиелеп отыр.

image-23-09-21-04-15-5
image-23-09-21-04-15-4
image-23-09-21-04-15-3
image-23-09-21-04-15-2
image-23-09-21-04-15-1
image-23-09-21-04-15
previous arrow
next arrow

«Аула клубы осы жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істеп жатыр. Мұнда сабақ беретін төрт шебер мен тігіншілер тобы бар. Бұл топта үш ұстазымыз жұмыс істейді. Біреуі тігін тігуді үйретсе, енді бірі кесте тігудің қыр-сырына баулиды. Бұдан бөлек сәндік тастармен әшекей жасайтын тобымыз жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта шәкірттеріміздің санын 100-ден асыруды жоспарлап отырмыз». деді «Қолөнер орталығы» аула клубының жетекшісі Рауза Балмағанбетова.
Аула клубтарының басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасау. Ал ондағы үйірмелер балаларды тегін үйретеді.

«Аула клубы өте қызық. Мұғалімдері өте жақсы. Бәрін ақырындап үйретіп жатыр. Өзімнің қатысып жүргеніме үш ай болды. Бұл жерде түрлі үйірмелер бар. Мысалы бисермен жұмыс істегісі келетіндерге оны үйретеді. Тігін тігу, сурет салу бөлімдеріне кіргенде ерекше шабыт аласың. Бірден елітіп әкетеді», дейді үйірмеге қатысушы Ақтамақ.
Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында 30-дан аса аула клубы жұмыс істейді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 + 12 =