Қолөнер ұлттық құндылықты жаңғыртады

0 24

Білім және ғылым министрлігі барлық білім беру мекемесін қашықтық режимге көшіріп, карантин жағдайында және каникул уақытында білім алу ресурстарды ұсынды. Осы орайда қаламыздағы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясында «Алтын саусақ» қолөнер үйірмесінің жетекшілігімен ұлттық құндылықтарды жаңғырту аясында оқушыларымыз бірнеше көрмелерге, ғылыми конференцияларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Қашықтық жүйеде білім алу, үй тапсырмасын орындау оқушы мен ата-ананы бір-біріне мейірімге толы қарым-қатынастағы отбасы болуға мүмкіндікті арттыра түсті. Ата-ананың қолдауымен үйдегі жайлы атмосферада оқушылар қашықтық кеңістікті қолөнерлері арқылы игеріп, шыңдалды.
Мектебімізде бірнеше әлеуметтік жобалар жұмыс жасайды, соның бірі «Талап еңбек, терең ой…», «Абай аманаты – адал еңбек» атты Абай мұрасын насихаттау, ұлттық құндылықтарды жаңғырту аясында жұмыс істейтін «Алтын саусақ» қолөнер үйірмесінен шығармашылық жұмыстарды көруге болады.
Үйірмедегі оқушылар құрғақтай киіз басу тәсілімен «Абай», «Бала Абай», «Әжесі мен Абай» сияқты портреттерді, түкті кілем тоқу тәсілімен «Абай», «Әл-Фараби» портреттерін жасап шықты. Сонымен қатар құрғақтай киіз басу тәсілімен келесі туындылар жарық көрді: «Киіз басу», «Түйе мен қой», «Қалмажай биі», «Ауыл тынысы», «Қыз қуу» және т.б. Соның бірі – ерекше көзге түскен 9-сынып оқушысы Гүлнұр Сексенбаеваның «Елорда жүрегінде Ұлы Абай» қыз балаларға арналған драп матасының үстіне аса ізденімпаздықпен жасалған туынды.
«Алтын саусақ» қолөнер үйірмесінде мектебіміздің оқушылары құрғақтай басу тәсілін, түкті кілем тәсілін, моншақпен тоқу, кестелеп тоқу қолөнер сырларын меңгеріп алды. Карантинге шықсақ та, бастаған қолөнер жұмыстары қашықтан оқыту тәсілімен жалғасын тапты. Қазіргі таңдағы бәрімізге мәлім Zoom, WhatsApp, Instagram әлеуметтік желілері тиімді пайдаланылып, сабақтар өткізіліп тұрды.
Біздің оқушылар «Өз жұлдызыңды жақ» атты Алматы қаласындағы республикалық онлайн өнер сайы­сына белсене қатысты. Аталған сайыста мектебімізден 17 оқушы қатысты, шығармашылық туындыларымен көрермендерін паш еткізіп 5 оқушы бас жүлдені ұтып, І дәрежелі дипломға 6 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға 5 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға 1 оқушы ие болды.
Сонымен қатар Қазақ технология және бизнес университетінде өткен конференцияға мектептің «Алтын саусақ» қолөнер үйірмесі «Дизайн, жеңіл өнеркәсіптің технологиясы мен инновациясы» 5-ші секциясына ғылыми мақалаларымен 7 оқушымыз қатысып, арнайы сертификаттарға ие болды.
«AlashMEDIA» өнер орталығының ұйымдастырумен өткен конкурста да оқушыларымыз өз өнерлерін көрсетіп жүлдегерлер қатарынан көріне білді. Өзім жетекші ретінде дарынды өнерпаздарды өнерге баулып, кәсіби біліктілік танытқаным және үздік таланттарды тәрбиеленген еңбегім үшін «Үздік жетекші» дәрежесіне ие болдым.
Халықаралық «Жас жұлдыз» атты өнер додасы аясында таланты мен дарыны үйлескен өнерпаздарға арналған «ALASH» өнер орталығының ұйымдастыруымен өткен байқауда үздік өнерімен ерекшеленген 12 оқушының бірінші дәрежелі дип­ломмен марапатталды.

Гүлмира Айтбаева,
Абай Құнанбайұлы атындағы
№87 мектеп-гимназиясының
«Алтын саусақтар» қолөнер
үйірмесінің жетекшісі
Нұр-Сұлтан қаласы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × two =