Қолды болған көлiктер қайтарылды

0 93

Таяуда Астана қаласы Iшкi iстер департаментiнiң қызметкерлерi астаналық екi азаматтың ұрланған көлiгiн иелерiне қайтарды.
Жол полициясының қызметкерлерi «Ауди-80» маркалы көлiктi мас күйiнде жүргiзiп келе жатқан 29 жастағы азаматты ұстады. Тексере келе ешқандай құжаты жоқ көлiк оған тиесiлi емес екенi анықталды. Бұзақы көлiктi бiреудiң гаражынан ұрлап, айдап әкеткен көрiнедi.
Дәл осындай оқиға, сол күнi 24 жастағы, бұрын сотты болған азамат тұрғын үй ауласындағы бiр көлiктi мiнiп кеткен. Патрульдiк полиция қызметкерлерi әйнегi сынған көлiктi күдiктенген бойда тоқтатқан. Нәтижесiнде ұрланғаны белгiлi болды.
Қазiргi таңда аталған екi азамат IIБ уақытша қамау абақтысына жабылып, Қылмыстық кодекстiң 185-бабы бойынша жауапқа тартылуда.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

7 + eleven =