Қоланы «қанжығаға басты»

0 92

Астананың көкпаршылар командасы Қазақстан чемпионатында қола медальға ие болды.

Ақмола облысының «Құлагер» ипподромында ұлттық ат спорты бойынша ҚР чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы командалары қатысты.

Елорда командасы алаңда төрт ойын өткізіп, үшінші орынға ие болды. Алғашқы кездесуде астаналықтар Алматы командасын 8:3 есебімен ұтты.
Екінші ойында Қостанай командасын 14:1 есебімен ойсырата жеңді.

Солтүстік Қазақстан облысының командасымен болған кездесуде 13:4 есебімен Астана командасының пайдасына шешілді. Қола жүлде үшін жартылай финалдық кездесуде елордалық спортшылар 8:1 есебімен алаң иелерін ұтты.

Жарыс қорытындысы бойынша, бірінші орын Тараз командасына бұйырса, екінші орынға Оңтүстік Қазақстан командасы шықты.

Ербол ЖАНАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty − 11 =