©2020 Астана Ақшамы
Қола медаль – қоржында
Елордалық «Астана» клубы гандболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Ұлттық біріншілікте екінші маусымын өткізген команда үшін бұл өте үлкен жетістік. Тұрақты чемпионат барысында елордалық команда плей-офф ойынына дейін турнирлік кестенің бірінші орнынан түскен емес. Бас жаттықтырушы ресейлік маман Андрей Столяров осылайша сенімді ақтап шықты. Ал астаналық ойыншы Снежана Кургамбаева чемпионаттың үздік спортшысы болып танылды.
«Астана» клубын жаңа жыл мерекесінен кейін бірден келесі маусымға дайындыққа кірісті. Кезекті ел чемпионатының алғашқы ойындары қаңтардың аяғында басталатын болады.