ҚОЙМАСЫ БАР ҚОРЫҚПАС

0 189

про

Астанада азық-түлік саласын дамытуды мақсат еткен тағы бір ауқымды жоба жүзеге асты. Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен заманауи сауда-логистикалық қойма кешені мен «Рокос» компаниялар тобының бас кеңсесі салтанатты түрде бой көтерді.

– Елорда өндірісін дамытуға, қайта өңдеуге және бас қалаға азық-түлік жеткізуде бұл кешеннің қосар үлесі басым болмақ. Заманауи кәсіпорынның ашылуы Астанада кәсіпкерлікпен айналысудың тиімділігін тағы да бір мәрте дәлелдейді, – дейді қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Мейірбек Мәжитов.

Аталмыш кәсіпорынның аумағы – 6258 шаршы метр. Мұнда жоғары және төменгі температурадағы арнаулы камералар жұмыс істейді.

Айта кеткен жөн, бас кеңсесі ашылған «Рокос» компаниялар тобы бүгінде «Silla» ет өңдеу комбинаты, «Silla» дүкендер желісі, «LaВrioсhe» кондитерлік дүкені, «Чиндале» мейрамханасы және «РОКОС-Логистик» мекемесі секілді түрлі кәсіпорындардың басын біріктіреді.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 2 =