ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ ӨТТІ

0 220

Изображение 077

Жақында Астана әуежайында  «Астана-Қарағанды тасжолынан Астана әуежайына дейінгі учаскеде отынқұбырын және жанар-жағармай материалдары отын қоймасын салу» жобасының техникалық-экономикалық  негіздемесінің қоршаған ортаға әсер етуін алдын ала бағалау»  тақырыбында қоғамдық тыңдау өтті.

Қоғамдық тыңдауды  «Астана халықаралық әуежайы» АҚ тапсырысы бойынша «КАЗГИПРОЦВЕТМЕТ» институты әзірледі.

Қоғамдық тыңдауды өткізу мақсаты- қоғам талғамын анықтау және олардың әсер етуді бағалау үдерісін есепке алу еді.  Тыңдауда пайдалану кезінде атмосфераға ластайтын заттардың шығарындылары туралы, атмосфералық ауаға және топырақ, су бассейндеріне жағымсыз әсері туралы мәселелер қаралды. Тыңдаудың қорытындысы бойынша хаттамаға сәйкес талғамдар ескеріліп, өзгерістер ТЭН-ге енгізілді.

Промышленный кентіндегі қолданыстағы жанар-жағар май базистік қойма болашақтағы магистарльды автожолдар және теміржол вокзалы құрылысы аймағында орналасқандықтан, ТЭН-де қарастырылатын объектілердің құрылысы аталған қойманы бұзу қажеттілігіне байланысты болып отыр.

Қырық жылдан астам қолданылып келе жатқан рельс жанындағы қойма және жиырма жылдан астам қолданылған отынқұбыры жаңартылатын болады, ол қоршаған ортаға әсер ету деңгейін төмендетуге жағымды әсерін тигізеді.

Елордалық әуежай тиімді экологиялық бақылау жасау үшін барлық жағдайды жасап отыр. Барлық құрылыс жұмыстары экологиялық нормалар мен стандарттарға сәйкес жүргізіледі.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

thirteen + thirteen =