ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАР ҚОЛДАУЫ

0 268

ZAH_4201

Астана қаласының Ішкі істер департаментінде ұсақ құқық бұзушылықты анықтау және алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар жөнінде дөңгелек үстел мәжілісі өтті.

Жиында ІІД Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орын­басары Госман Жакин қоғам­дық тәртіпті қалыптастыру бағы­тын­да ұйымдас­ты­рылған шаралар мен
жүргізілген тексеріс нәти­же­­ле­рі жайында баяндама жасады. Оның айтуын­ша, қоғамдық құры­лымдар көмегімен 3,5 мың құқық бұзу­шы­лық және 55 қылмыс ашылған.

Халық арасында белгіленбеген орындарда темекі қалдықтарын тастағаны және ұсақ құқық бұзу­шылық жасағаны үшін жауап­кер­шілікке тартылатыны туралы жадынамалар таратылып, жол бо­йын­дағы жарықдиодты экрандарда әлеуметтік роликтер көрсетілуде. Сондай-ақ, мұндай сюжеттер барлық қалалық автобустарда орнатылған экрандардан да беріліп жатыр.

Ұсақ құқық бұзушылыққа «мүл­дем төзбеушілік» ұстыны бағы­­тында қала­мыздағы жоғары оқу орын­дары­ның студенттерінен құрал­ған жастар жасақ­тары жұмыл­дыры­лып, оларға арнаулы киімдер ті­гілді. Белсенді жас­тардың  көмегі­мен  белгіленбеген орындарда те­мекі шеккені үшін
950 және ұсақ бұзу­­шылық бойынша 700 факті анықталды.

Биыл департамент ақшалай сый­лық­пен 200-ден аса полицияның қоғам­дық көмекшілерін марапат­тады. «Тұран Астана» универси­те­ті­нің 1-курс сту­денті Тимур Қаб­салимов «Полиция қызметкер­ле­рі­нің көмек­шісі болып жұмыс іс­те­геніме 1 ай болды. Болашақ ма­ман­дығым осы сала­мен байланыс­ты болғандықтан, мұндай мүмкіндік біз­дің тәжірибе жина­уымызға септігін тигізеді» дейді.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 + eighteen =