Қоғамдық көлікті тегін пайдаланады

0 15

Елорданы дамытуда әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі кезде жеңілдікпен берілетін тұрғын үйлер, мектептер/балабақшалар, оңалту орталықтарын салып қана қоймай, сонымен бірге спорттық ғимараттар, бос уақытты өткізуге арналған орталықтар салу маңызды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес балалар үшін спорт кластерлері бой көтеріп жатыр: қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, бульварлар) абаттандырылып, аула клубтары, спорт нысандары ашылуда. Бұл туралы Instagram парақшасында шаһар басшысы Алтай Көлгінов мәлім етті.

– Балаларымыздың кестесіне қарасаңыз, олар күніне бірнеше жерге барады: мектептен үйге, үйірмелер мен қосымша сабақтарға, кинотеатрларға/театрларға және т. б. орындарға. Ата-ана баланың жолына беретін соманы есептесек, айтарлықтай қаражат шығады, – деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгінов.
Оның айтуынша, 2020 жылдың ақпан айында барлық тасымалдаушылармен келіссөздер жүргізді. 2020 жылғы 28 наурыздан бастап мектеп оқушылары, яғни кәмелетке толмағандар қоғамдық көлікті тегін қолданады деген шешім шығарылды. Жалғыз шарт – автобусқа кірген кезде арнайы картамен валидацияны жалғастыру керек, өйткені валидация жолаушылар санын көруге және басым бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді.
Кәмелетке толмағандар үшін тегін жол жүру енгізілген сәттен бері бір жыл өтті. Осы уақыт ішінде балалар 7 миллион 600 мың сапар жасады.
Індетке байланысты биыл оңай болмағаны түсінікті. Пандемия аяқталған соң да елорда оқушылары қоғамдық көлікті тегін пайдалана бермек. Бұл жоба өзінің әлеуметтік маңыздылығы мен қажеттілігін көрсетті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × two =