ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ

0 124

автобус жүргізуші

Астанада қаладағы 8 көлік кәсіпорнының 607 маманы біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Бұл туралы Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметіне Көлік мамандарының біліктілігін арттыру орталығынан мәлімдеді.

Оқытылған 607 маманның 353-і – автобус жүргізушілері, 254-і – кондукторлар. Мамандар негізгі оқу бөлімін тәмамдады, енді курс толық аяқталған соң келесі деңгейдегі бағдарламаны меңгеретін болады. Тәжірибелік сағаттар арнайы жабдықталған бөлмелерде компьютер көмегімен өткізілген. Тапсырмаға тест, есептер, жол қозғалысы ережелері және т.б. енгізілді.

Естеріңізге сала кетейік, халықаралық стандарттарға сай оқытатын, жаңа технологиялық кабинеттермен жабдықталған Астанадағы көлік мамандарының біліктілігін арттыру орталығы биыл мамыр айында ашылған болатын. Мұнда автобус жүргізушілерімен қатар, кондукторлар, БРТ мамандары, такси жүргізушілері мен транспорт саласының өзге де мамандары оқи алады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen + ten =