Қоғамдық көлік қатынасы жақсарды

0 21

Сарыарқа ауданында жалпы ұзындығы 314 шақырымды құрайтын барлығы 315 көше бар. Соның ішінде 257 көшеге асфальт төселген, ал 58 көшеде асфальт жоқ. 2021 жылы ұзындығы 12,729 шақырымдық 38 көшені асфальттау жоспарланды. Бүгінгі күнге 22 көшеде тиісті жұмыстар аяқталды.

Жақында Ақан сері көшесінде Н. Тілендиев даңғылынан бастап Талапкер көшесіне дейін және Талапкер көшесінде Ақан сері көшесінен Қарталы көшесіне дейінгі аралықта асфальт салынды.
Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық көліктің маршрут желісі 92 бағдардан тұрса, Сарыарқа ауданына 55 бағдар (50 – қалалық, 5 – қала маңы) қатынайды.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүгінге дейін Сарыарқа ауданының бағдарлар желісін жаңғырту жүргізіліп, жаңа 3 бағдар іске қосылды. Бұл – №45 («Үркер» тұрғын алабы – Алаш тас жолы); №69 (Қалалық зират – Ақан сері көшесі («Рахмет» СҮ); №26 («Агрогородок» тұрғын алабы – «Бағыстан» ТК).

Жыл басынан бағдарларды жақсарту жүргізілді. Бұл қоғамдық көлік бағдарларын созу, жолаушыларды қамтуды ұлғайту арқылы жүрді. Атап айтқанда, №34 бағдар маршруты Ақан сері, Қ. Шақаұлы көшелерінде өзгертілді. Бұған қоса, 12 бағдарда 22 бірлікке кесте көбейтілді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

6 + thirteen =