Қоғамдық кеңістіктер көркі артты

0 26

А.Янушкевич пен А.Пушкин көшелерінің қиылысындағы көпірасты кеңістігі – қала тұрғындарына тартымды жерлердің бірі. Мұнда демалып жүрген адамдардың қарасы үзілмейді. Белсенді спортты жақсы көретін жастар скейт-алаң, баскетбол алаңы, workout-аумағында дем алады.

Жақында ғана ашылған «Құтқарушылар» саябағы осы бір қоғамдық кеңістікті үйлесіммен толықтырып, тұрғындардың сүйікті орнына айналып та үлгерді.
«Құтқарушылар саябағының» аумағы балалар мен ересектерге арналған аймақтарға бөлінген, кедергі жолақтарын қоса алғанда экстрим-спортын қолдау үшін түрлі жастағы санаттарға арналған паркур-алаң орналасқан. Сол сияқты қала тұрғындарына арналған тыныш демалыс аймағы бар және азаматтық қорғау қызметінің үздіктеріне арналған құрмет тақтасы орнатылған. Ал көпір жағында «Public art» суреттелген. Сондай-ақ аумақта 1964 жылы шыққан АЦ-30 МАЗ 205 арнайы өрт сөндіру машинасы орнатылған. Саябақ өрт сөндіруші-құтқарушылар, сондай-ақ міндетін орындау кезде қаза тапқан қызметкерлердің құрметіне абаттандырылған. Бүгінгі заманның батырлары құтқарушылардың жұмысы қашанда ерлікке толы.
Бүгінде 150-ге жуық ағаш отырғызылып, аллеяны абаттандыру жұмысы толық аяқталды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × three =