ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТАЛҚЫЛАДЫ

0 153

Астана қаласы Қоғамдық кеңесі отырысында қоғам өміріне қатысты бірнеше мәселе қаралды. Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Артем Әбілдинов елордалық екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары мен мүгедектеріне Жеңіс күніне орай берілетін қосымша әлеу­меттік көмек мөлшерін көпшілік талқысына салды.

8

Сонымен бірге, Астана қаласы бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары туралы атқарушы органдарының ұсынысы тыңдалды. Елордада жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау ережесіне қатысты да бірқатар өзгерістер енгізілмек. Осыған сәйкес алдағы уақытта такси көліктерінде төлем карточкаларын пайдалану арқылы төлемдерді жүзеге асыруға арналған құрылғылармен жабдықталатын болады. Ол туралы Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов баяндап берді. Кеңес мүшелері қала аумағын абаттандыру қағидаларын талқылау барысында біржақты шешімге келмей, Ережені қайта қарау үшін комиссия құрып, алдағы уақытқа бұл мәселені тағы да талқыға салатын болып келісті. Қоғамдық кеңес төрағасы Сансызбай Есілов қаланың  тыныс-тіршілігіне қатысты Ережелер қолданыстағы заң­на­малардың шеңберінде жасалып, оны орындау барысындағы басты тетіктеріне де мән беру қажеттігін ескертті.

Айгүл УАЙСОВА 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × 1 =