Қоғамдық бақылау күшейтілді

0 23

«Астана – адалық алаңы» бақылау тобы жол жөндеу кезінде мердігерлер тарапынан жіберген кемшіліктерді қайта түзетуді тапсырды.«Сапалы жол» жобасы аясында «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері арнайы мониторингтік топ және журналистермен рейдке шығып, Сәтпаев көшесіндегі жол төсемесінен ақау тапты.
«Бізге жолдың осы бөлігіндегі бірнеше жерде ақау бар екені туралы ақпарат түсті. Егер жол жақын арада жөнделмесе, асфальт төсемесіне зақым келеді. Біздің міндетіміз – дәл осындай мәселені жұмыс біткен соң емес, дер кезінде шешу» дейді Нұр-Сұлтан қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің арнайы мониторинг тобының мүшесі Марат Сатарқұлов.
Бұл жағдайға қоғам өкілдері бей-жай қарамағандықтан, мердігер компания кемшілікті бірден түзетті. Мамандардың пікірінше, мұндай әрекеттердің нәтижесінде сапа жақсарады.
«Сонымен қатар біз техникалық қадағалау қызметінің жұмысын бақылаймыз. Олардың технологиялық процес­ке қатысты барлық талаптарды және қауіпсіздік шараларын орындалуын қатаң қадағалаймыз» деді М.Сатарқұлов.
Қалалық «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Сәуле Бисембаеваның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс күшейтілген.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine + thirteen =