©2020 Астана Ақшамы
ҚОҒАМ ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙДЫ
Астананың үкіметтік емес ұйымдары «Қазақстан–2050» стратегиясын бірауыздан қолдайды. «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалында өткен дөңгелек үстел мәжілісінде үшінші сектор өкілдері Елбасы Жолдауына қатысты өз ойларын ортаға салды.
«Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мейрамбай Оралов мәжілісті ашып, жиналғандарға елдің 2050 жылға дейінгі даму бағдары айқындалған құжаттың мән-маңызына тоқталды.
– Елбасы Жолдауы – мемлекетіміздің саяси-әлеуметтік дамуының бағыт-бағдарын көрсететін негізгі жоспарымыз. Сондықтан, ол құжатқа жауапкершілікпен қарап, оны орындауға күш-жігерімізді аямауымыз керек, –деді М.Оралов.
Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері өз тарапынан Жолдауда көрсетілген мәселелерді айтып, оларды шешу жолдарын ұсынды. Астана қаласы Кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев: «Еліміздің өркениетті жолмен өсіп келе жатқаны белгілі. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы жарияланған кезде елдің көбінде жалақы болмай, зейнетақы уақытымен берілмей жатқанда біз алдымызға отыз жылға дамуды жоспарладық. Осы ұлы мақсатымыз қалай орындалады деп жүргенде, уақыт зымырап өтіп кетті. Он бес жыл аралығында жаңа мемлекет қана емес, жаңа елорданы тұрғыздық. Кеше ғана Қытай халық республикасының делегациясы келді. Олар небәрі он жылдың ішінде салынған Астанаға қарап таң қалды. Әрине, ол Ұлт көшбасшысының сарабдал саясатының арқасында жеткен жетістігіміз. Біздің алдымыздағы ендігі міндет – «Қазақстан–2050» стратегиясы жүктеген міндеттерді орындау» деді өз кезегінде.
Айнұр САНАБЕК