Қоғам назарын аударды

0 12

Елордада қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қайырымдылық шара өтті.

Шараның мақсаты – осы санаттағы азаматтар мәселесіне қоғам назарын аударту, сондай-ақ олардың өмір сүру сапасын жақсарту. Барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткен акцияға 50-ден аса адам қатысты.
– Ерекше адамдарға айрықша күтім қажет. Біз үшін кез келген науқас қымбат. Мүмкіндігі шектеу­лі жандар үшін мамандардың үйден тексерулерін үнемі ұйымдастырамыз, көмекші қызметкерлер мүмкіндігі шектеулі қарттарды медициналық мекемелерге алып барып, үйлеріне жеткізіп салады, – дейді «Салауатты Астана» ЖШС филиалының жетекшісі Алмагүл Базарова.
Акция аясында қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар медициналық тексеруден өтіп, білікті дәрігерлердің кеңесін алды. Сонымен бірге қарияларға азық-түлік таратылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

9 + three =