©2020 Астана Ақшамы
Қиындықтан шығудың жолын көрсетеді
Астанадағы Достық үйі мекемесінде Қазақстан халқы ассамблеясының «Парасат» қайырымдылық орталығы ашылды.
Бұл орталықтың бір ерекшелігі, мұнда мұқтаж жандарға қаржылай көмек берілмейді. Бірақ сол көмекті қалай алуға болатын жолдарды көрсетеді.
– Мәселен, жақында бізге бір ана келді. Мүгедектігіне байланысты ешқандай жұмысқа орналаса алмай жүр екен. Ол келіншекті осы мекемедегі тігін курсына шақырып, соның қыр-сырын үйреттік. Нәтижесінде ол енді тапсырыстар қабылдап, табыс таба бастапты, – дейді Ассамблеяның астаналық филилалы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова.
Бүгінде Достық үйінде қыз-келіншектер мен әже-апалардың қолөнер туындыларына арналған «Аналар аманаты» орталығы да бар. Онда келушілер түрлі шеберлік сыныптарына тегін қатыса алады.
Алдағы уақытта мекеме жанынан «Мәміле» тілдік курсы мен коворкинг орталығы тұсауын кеспек.