Қиын жағдайдан құтқарады

0 30

Елордада Өмірлік қиын жағдайға қалған азаматтарды әлеуметке қосу орталығы жұмыс істейді. 2001 жылы ашылған орталыққа түскендерге киім-кешек беріліп, егер ауыр халде жатса, медициналық көмек көрсетіледі.

image-28-09-21-08-44
image-28-09-21-08-44-1
image-28-09-21-08-44-2
image-28-09-21-08-44-3
image-28-09-21-08-44-4
image-28-09-21-08-44-5
image-28-09-21-08-44-6
image-28-09-21-08-44-7
image-28-09-21-08-44-8
image-28-09-21-08-44-9
image-28-09-21-08-44-10
previous arrow
next arrow

Енді бірінің сырқаты немесе психикалық ауытқуы байқалса, тиісті медициналық мекемелерге жіберіледі. Жалпы, кәмелет жасқа толған, ақыл-есі дұрыс азаматтарды қабылдайды. Сондай-ақ орталыққа түскен қаңғыбастардың жеке басын куәландыратын құжаттары қайта рәсімделеді. Денсаулығының оңалмауына байланысты кейбірінің облыстық сараптама комиссиясының көмегімен мүгедектік мәселесі шешіледі, зейнет жасына жеткендерге арнайы зейнетақы тағайындалады. Жатын орын және үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етіледі. Орталық қала ішіндегі тірек пункттері мен пәтер иелері кооперативтерімен тығыз байланыста әрі кез келген адам 53-16-48 немесе 53-16-11 нөмірлеріне хабарласып, байланысқа шыға алады.
«Жағдайым болмағандықтан келдім. Орталық жайлы орын берді. Құжаттарымның қайда қалғанын білмейтін едім, бәрін қайта жасап берді. Зейнетке де шықтым. Мұндағы көмегін аямайтын қызметкерлерге рақметімді айтамын» деді қызмет алушы Серік Молдаханов.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six + 13 =