«Қисық» жарнамаларға тосқауыл керек

0 98

Бүгiн «Iскер» бизнес орталығында «Көрнекi ақпарат, жарнама тiлi» атты семинар өтедi. Астана қаласы Тiлдердi дамыту басқармасы мен «Зерде» тiлдердi дамыту жөнiндегi инновациялық орталығы ұйымдастыратын шарада көше бойларындағы көрнекi құралдарда, жарнамаларда өрiп жүрген қателер (қазақ тiлiндегi жарнамаларда) сынға алынбақ. Осы бағыттағы проблемалар ортаға салынбақ. Семинар алдында басқарма бастығы Ербол Тiлешовтi әңгiмеге тартқанбыз.

– Ербол Ердембекұлы, алдымен бүгiн қолға алған шараларыңыздың мақсатына тоқтал­саңыз…
– Бүгiнде көше бойларындағы түрлi жар­намаларды, көрнекi құралдарды мерзiмдi басы­лым­дар жиi сынға алып жүр. Жауап­кершiлiгi бiзден сұралады. Алайда, ол «қисық» жарнама иеле­рiн жауапқа тарту бiздiң құзы­рымыздағы шаруа емес. Басқарманың қолынан келерi – тү­сiндiру, насихат жұмыстары ғана. Бүгiнгi семи­нардың да мақсаты – сол.
– Нақты қандай мәселелер қаузалады?
– Елордада 65-ке жуық жарнама агенттiгi бар екен. Солардың барлығының жетекшiлерiн жиын­ға шақыртып отырмыз. Сондай-ақ, тiл са­ла­сының мамандары, белгiлi ғалымдар да бас­қосуға ат басын бұратын болады. Шара екi бө­лiмнен тұрмақ. Алғашқысында, өзiмiздiң қыз­меткерлер агенттiк өкiлдерiне жарнамаларды, көрнекi құралдарды жасауда, жазуда қате­лiк­терге бой алдырмауды айтады. Әсiресе, қазақ тiлiндегi сөйлемдерге сақ болу қажеттiгiн жет­кiзедi. Өйткенi, ол мемлекеттiк тiл, ана тiлiмiз екенiн естерiне салады. Олардың да ұсыныс­та­ры, пiкiрлерi тыңдалады. Ал, келесi бөлiмде арнайы келген мамандар, ғалымдар дәрiстер оқылмақ. Онда нақты қазақ тiлiнiң жазылу стиль­дерi, ережелерi үйретiледi.
– Басқарма тарапынан жарнама агенттiк­терi­мен байланыс жоқ па?
– Байланысқымыз-ақ келедi. Арнайы қыз­меткерлерiмiз де бар. Алайда, олар бiзбен са­нас­қысы келмейдi. Жиында осы жағын да әңгiме ететiн боламыз. Агенттiк өкiлдерiне жиi-жиi байланысқа шығып, көрнекi құрал­дары мен жарнамаларын жарияламас бұрын, арнайы мамандарға қаратып алуларын ұсы­намыз.
Айтқандай, семинарда арнайы дайындалған әдiстемелiк құрал да таратылады. Онда Қазақ­стан Республикасының «Тiл туралы» заңдары, жарнамалардың, көрнекi құралдардың үлгiсi қамтылған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 5 =