ҚИРАБАЕВ ҚАҒИДАСЫ

0 165

Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде  қазақ руханияты мен ғылымының қос алыбы атанған академиктер Серік Қирабаевтың тоқсан, Әлия Бейсенованың сексен бес жылдық мерейто­й­ы­на арналған «Тұлға тұғыры және ғылыми дәстүр сабақтастығы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған елорда әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қатысып, қала басшысы Әсет Исекешев пен өз атынан көрнекті тұлғаларды құттықтады.

23231

Айтулы шараға елордадағы зиялы қауымның бәрі жиналды. Жиынды университет ректоры, тарих ғылымдарының докторы Ерлан Сыдықов ашып, жүргізіп отырды. ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев пен өзінің игі тілегін жеткізіп, академикке шапан жапты. Одан ке­йін Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин және Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықованың ізгі лебіздері оқылды. Қос ардақтымызға сый-құрмет көрсетілді.

Белгілі ғалым, қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков ардақты азаматтың өмірі мен өнегелі жолы жайында салмақты сөз қозғады. «Ағам ренжімейді деп ойлаймын, Қирабаевтар отбасының құты, менің апам – Әлия Бейсенова» деп академиктің өмірлік серігі, барлық қазақ қыздарына үлгі болар ғалым Әлия апамыз туралы тамылжытып сөйледі. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, қарымды қаламгер Сауытбек Абдрахманов: «Айқын» газетінде жарық көрген Дихан Қамзабекұлы мақаласында Серік ағамызды бақытты ғалым деп жазыпты. Дұрыс! Расында, ағамыз бақытты ғалым ғана емес, өмір мен өнерде де бағы жанған бақытты адам. Биыл Серік Қирабаев 25 жасында жазуға қатысқан «Қазақ әдебиеті» оқулығының алғашқы басылымының жарық көргеніне тұп-тура 65 жыл толды. Осы жылдар ішінде сол оқулықты қаншама қазақ баласы оқып шықты» деп Қирабаевтың өмірлік қағидасына айналған адами қасиеттері мен өнеге белес­терін шынайы толғады. Тағы да басқа ғалымдар қос алыптың әр қырынан ой сабақтады.

Шара барысында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен шығып келе жатқан тұғырлы тұлғаларға арналған «Өнегелі өмір» сериясымен 101-ші нөмірмен басылған «Серік Қирабаев» және 102-ші болып жарық көрген «Әлия Бейсенова» аталған жаңа кітаптың тұсауы кесілді.

Азамат Есенжол 

«Астана ақшамы»

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight + two =