Қазына қарттарға құшақ ашты

0 178

Наурыз мейрамы қарсаңында «30 игі іс» қайырымдылық іс-шаралары бойынша Сарыарқа ауданында ардагерлерге арнаған «Қазына» орталығы ашылды.Орталықтың жаттығу залында спортпен айналысу үшін барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, зейнеткерлер бос уақытын тиімді өткізіп, үстел ойындарын ойнаса, түрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастырса болады. «Екі жылдан бері қарттарға арнап осындай орталықтар ашуды қолға алған едік. Оның нәтижесін өздеріңіз де көріп жүрсіздер. Ең бірінші орталықты былтыр сол жағалаудан аштық. Кейін аудандарда да ашылса екен деген ұсыныс түсіп, қолдау тапты. Бүгін Наурыз мерекесінің қарсаңында осы орталықты ашып отырмыз. Қарттарымыз жайлы, қамсыз өмір сүруі керек» деді Бақтияр Мәкен.
Ашылу салтанатында зейнеткер Григорий Шишов алғысөз сөйледі. Ол 1940 жылы дүниеге келген, ал оның ата-анасы Қазақстанға 1907 жылы Столыпиннің аграрлық реформасы бойынша тың игеруде келген. «80 жасқа келгенде еліміздің ардагерлерге деген қамқорлығын сезінгенім қуантады. Енді бос уақытымызда осы орталыққа келіп спортпен шұғылданып, жора-жолдастарымызбен ұзақ уақыт өткізетін болдық. Баршаңызды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймын» деді зейнеткер.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Сарыарқа ауданында 25 мыңнан астам зейнеткер, оның ішінде 7 соғыс ардагері, 1 240 еңбек ардагері бар. Олардың бос уақытын ұйымдастыру үшін ауданда зейнеткерлерге арналған 3 орталық жұмыс істейді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

8 − five =