ҚАЗПОШТА ЖОРАЛҒЫСЫ

0 154

ZAH_1732

Бұрнағы күні «Астана почтамты» бас ғимаратында Баспасөзге жазылушылар күні ұйымдастырылды. Бүкіл әлемдік пошта күні мерекесі қарсаңында осындай іс-шара өткізу жыл сайын өткізіліп келеді. Биыл да сол үрдіс жалғасын тауып, бас қалада шығатын түрлі басылым қызметкерлері қала тұрғындарын өздерінің газет-журналдарына жазылуға үндеп, сол жерде қолма-қол келесі жылға газетке жазылған оқырманға сый-сияпат табысталды.

Бұдан кейін «Қазпошта» АҚ филиалының директоры С.Әбіл­баева өз қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, тоғыз айда қол жеткізген жетістіктеріне тоқталды. Жыл басынан бері толымды табыстарға кенелген еңбек үздіктері марапатталды.

– Сонау 1878 жылы 9 қазанда Швей­царияда жиырма екі мемле­кет­тің өкіл­дері «Бас пошта» одағын құрып, Берн шартына қол қойғалы бері атаулы күнге айналған бұл күннің орны ерекше. Осы күні біз жылда оқырмандар мен редакция арасында кездесу өткіземіз. Пошта байланысы қазіргі уақытта дамудың жаңа кезеңіне көтерілді. Көптеген тың жобалар іске қосылды. Міне, сол жө­нінде әңгімелейміз. Дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары қашан да қоғамнан өз орнын алып келеді. Бүгінгі біздің негізгі мақсатымыз – редакциялар өкілдерімен кездесіп, газет-журналдардың оқырмандарға тиімді жолмен жетуіне ықпал жасау. Осыған орай кездесулер ұйымдастырып, баспасөзге жазылу жолдарымен таныстырып, кәде­сыйлар ұсынамыз. Осылайша әр басы­лымның дамуына қал-қадірімізше үлес қо­самыз. Жазылушылардың жас деңгейі әр түрлі. Жастар жағы электронды нұс­қаны көбірек қаласа, орта буын өкілдері арасында мерзімдік басылымдарға жазы­лу­шылар көп. Оқырмандарға барлық оң­тайлы жағдайларды қарастырамыз, – деді Сәуле Әуезбекқызы.

Сағи ОРАЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine − two =