ҚАЖЕТТІ МАМАНДАРДЫ ҚАЙТА ДАЯРЛАЙДЫ

0 75

ZAH_8137

Сейсенбіде «Жас­тар» сарайында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

Аталмыш шарада елорданың ме­кемелері мен кәсіпорындары төрт жүзден аса бос жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңке барысында қаладағы қат мамандықтар – монтаждаушылар, құрастырушылар, электриктер, дәне­керлеуші, жинаушылар екеніне тағы да көзіміз жетті.

Сонымен қатар, Жұмыспен қамту орта­лығының мамандары қайта даярлау және жаңа мамандық алудың мүмкіндіктері туралы кеңес берді. Тігінші, аспаз, тәр­биеші, кіші мейірбике, сатушы-кассир ма­мандықтарына оқытатын курстарға өтініш берушілерді тіркеп, үміткерлермен сұхбат жүргізді. Ал, биылғы жоғары және орта оқу орындарының түлектеріне «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша жастар тәжі­рибесінен өтуге қатысты және халықтың нысаналы топтағы өкілдеріне әлеуметтік жұмыс орындарына қызметке орналастыру тұрғысында мәліметтер берілді.

Соңғы кезде тұрақты түрде өткізіліп тұратын жұмыс жәрмеңкесі әлеуметтік қолдау жүйесіне тартылмаған азаматтарды қамтудағы игілікті шара ретінде тұрғындар арасында кеңінен қолдау тауып келеді.

Айгүл УАЙСОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × three =