«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Қажетінше қаржы қарастырылды

0 186

Кеше Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында екі мәселе қаралды.

Алғашқы болып депутаттар алдында Астана қаласы Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин 2019-2021 жылдарға арналған бюджет жобасы туралы баяндады.
Ағымдағы жылы басқарма қаладағы басқа да мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, Астананың 20 жылдығын тойлауға байланысты іс-шараларды жүзеге асыру, ұлтаралық келісімді нығайту және жастар саясатын жетілдіруге бағытталған ауқымды жұмыстар атқарды. Осындай жоспарланған жұмыстарды жүйелі жүргізудің нәтижесінде жастар саясатында оң өзгерістер орын алып, жұмыспен қамту мәселесінде де ілгерілеушіліктер байқалды.
2019 жылға басқарма аппаратын ұстау­ға 253 миллион теңге бөлінсе, мемлекеттік саясатты ақпараттық тұрғыда насихаттауға 817 миллион теңге қарас­тырылып отыр.
2019-2021 жылдарға бюджет жобасында көзделген қаржы көлеміне жеке-жеке тоқталған Данияр Есин келесі «Жастар жылына» байланысты да атқарылатын жұмыстарды да жан-жақты баяндап берді. Бірқатар депутаттар басқарма басшысының баяндамасын талқылай келе, жастар саясаты бойынша қолға алынатын жобаларды қолдайтынын білдірді.
Комиссия отырысында Астана қаласы әкімдігінің iKomek мониторинг шұғыл әрекет ету орталығының басшысы Жаннат Дүбірова баяндама жасап, алдағы жылдың бюджетіне қатыс­ты атқарылар жоспарлы жұмыстары жайлы сөз етті.
Талқыланған мәселелер бойынша депутаттар да өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды