ҚАЗБА БАЙЛЫҚТАРДЫ КӨРЕМІЗ

0 176

Конституция күні мерекесіне орай Назарбаев орталығында «Сақ патшасының  қорғаны» атты  жаңа зал ашылады. 

Ықылым замандардан жеткен қазынаны қалың бұқараға насихаттау үшін атақты Берел қорғанына жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде арнайы  экспозициялық зал жасақталды. Онда ер адам мен әйел адамның саркофагы, үш жылқының қаңқасы қойылған. Сонымен қатар, жылқының салтанатпен әбзелденген жабдығының реконструкциясы мен оның жекелеген бұйымдарындағы ұсақ-түйектері де көрсетілген. Мұнда қойылған көсемді немесе көшпелі ақсүйек өкілін қабірлеудегі жылқының экспозициялық жинақтама бейнесі келушілерді Берелдің байырғы тұрғындарының жұмбақ әлеміне жетелейді. Қайталанбас құнды қазбаларды қайта қалпына келтіру жұмыстарымен суретші-реставратор Қырым Алтынбеков айналысқан.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × three =