Қазақы намыс, қайдасың?

0 120

Тәуелсiз елмiз дегендi жиi айтқанды жақсы көремiз. Соған сәйкес төл заңдарымыз да бар. Солардың бiрi толықтырулармен нақтылана түскен – ҚР «Тiл туралы» Заңы. Бiрақ, оны орындауға неге құлықсызбыз? Қазақ қоғамын бейқам тiрлiк билеп алғандай. Сыныққа сылтау iздесе табылады екен. Ең басты, ең салмақты уәж – бiзге қоғамдық келiсiм мен тыныштық керек. Сөз жоқ, әрине керек. Тiптi ауадай қажет. Жүзден астам ұлт пен ұлыстың тату-тәттi өмiр сүруi, бiр-бiрiнiң мүдделерiне құрметпен қарауы – елiмiздегi саяси тұрақтылықтың басты шарты. Елдегi саяси тұрақтылық – экономиканың өрлеуiнiң, яғни, халқымыздың алаңсыз еңбек етуiнiң басты шарты. Дәл осыған күмән келтiретiн, дәл осы оймен таласа алатын ағайын табыла қоймас бұл күндерi.

Ал, мемлекеттiң мығымдылығының негiзгi сипатты белгiлерiнiң бiрi бо-лып табылатын осы қасиетке, ұлттық мүдделерге, ең алдымен қазақ халқының ұлттық ұстанымдарына нұқсан келтiрмей қол жеткiзуге бола ма? Әбден болады. Бұл айтқанымызбен дауласу қиын. Өйткенi, әлемдегi жалғыз көпұлтты мемлекет Қазақстан ғана емес. Тiптi, тұтасып, өздерi ғана отырғандай Қытайда да ханьдар – 93 пайызды құрайды, қалған жұрт (сонда да жүз миллиондай адам) чужандар, ұйғырлар, моңғолдар, ти-беттiктер, хуэйлер, маолар сияқты әртүрлi тiлдiк топтарға жататын 50- ден астам халық. Алайда, құрысыншы, ши шықпасыншы деп мемлекет негiзiн құратын халықтың ұлттық мүдделерi екiншi қатарға ысырылмай-ды. Ал, бiзде қалай? Сол тыныштық үшiн заңдардың орындалуын талап етпеуге де болады. Басқалардың қас-қабағына қарап, өз мүддеңнiң орындалуын кейiнге ығыстыра тұруға да болады. Өйткенi, бiзге асы-ғыстық жасауға болмайды. Мұны айтатын басқа емес, мемлекеттiк сая-сатты жүргiзiп отырған керенау кеңселердегi мықтылар мен саяси ұйым-дардың бастауында жүргендер. Құдды солардан басқалар Қазақстанда тыныштық болғанын қаламайтын тәрiздi. Ал, заңдағы 7-баптың орын-далуын талап етсе, оларға республикадағы өзге ұлт пен ұлыс өкiлдерi на-разылық бiлдiрiп, көшеге шығып кететiндей көрiнедi.
Бұл жағдайдың нелiктен осылай қалыптасқанын теориялық тұрғыдан тиянақтаған еңбектер де аз жазылып жүрген жоқ. Оларда мұның себептерi жан-жақты, объективтi дәлелденедi. Екi ғасырдай орыс империясының, жетпiс жылдай кеңес елiнiң құрамында болғанымыз, сол жылдар iшiнде орыстандыру саясаты жүгенсiз жүргiзiлгендiгi, орыс тiлiн неғұрлым игерсек, коммунизмге соғұрлым ертерек жетемiз деген тезистiң әбден белең алғаны, соның кесiрiнен тiлге қатысты мәселелердiң қажау қалғаны, тағысын тағы сияқтылар толып жатыр. Мұның бәрi рас. Дегенмен, мына жәйтқа дес берейiкшi. Адалын айтар болсақ, осы бiр ғана қазақтың басына түскен құқай ма? Жоқ, олай емес. Жетпiс жыл кеңестiк саясаттың илеуiнде болып сорладық дегендi айта беремiз, оның шоқпарының астында бiзден басқа да он төрт ел болды ғой. Бiрақ, олардың бiз секiлдi зардап шеккенi аз .
Балтық бойындағы анау елдерiңiзде дүкенiне барып орыс тiлiнде сол кездiң өзiнде нан сұрап ала алмайтынсың. Басқаны айтпағанда, көршi Өзбекстанда да кеңестiк кезең тұсында да төл тiлi үстем тұратын. Армян-дар мен орыс тiлiн ортасынан омырып сөйлейтiн Грузия халқы да тiптi әлiпбиiн кириллицаға айырбастаған емес. Ал, бiз кемшiлiктiң астарының бәрiн өткен кезеңнен iздеймiз. Сөйтiп, өзiмiздi-өзiмiз ақтағымыз келедi. Бүгiнгi күнi тәуелсiздiк алғаннан кейiн солай. Намыссыздықтың кесiрi бұл. Одан басқа анықтаманы iздеп табу қиын. Намыссыздар ғана жауапкершiлiктi басқаларға жеңiл аудара салады. Мiне, азаттығымызды жариялағанымызға 20 жылдан асты. Мемлекттiк тiлдi сол азаттығымыздың тiрегi деп бiлемiз. Ал, тiрегi шатқаяқтаған қандай нәрсе болсын ұзаққа бармайтыны белгiлi ғой. Осы кезде тiл мәселесi ушығып тұрған кезде, кабылданбаған кезде қайтадан қарастырылып, қабылдан-баған заң ендi қашан қабылданады?
«Тәуелсiздiк – алтын күмбез дейтiн болсақ, сол күмбездi тiреп тұрған төрт белгi – рәмiздерiмiз бар. Оның бiрiншiсi – елтаңба, екiншiсi – әнұран, үшiншiсi – көкбайрақ, төртiншiсi – қазақ тiлi. Егер, тәуелсiздiк алып егемендi ел болмағанымызда екi-үш жылдың iшiнде қазақ тiлi мүлдем құритын едi. Ендi, мiне, қасиеттi ана тiлiмiздiң бойына қан жүгiре бастады. Оны онан әрi жетiлдiре беру әр қазақтың қасиеттi борышы» деген болатын Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев.
Осы борышты орындаудың қарапайым жолдарын айтудан да Президен-тiмiз жалыққан емес. Әуелi «Қазақпен қазақ қазақша сөйлессiн, жалтақ-тауды қоятын заман туды, қазақ тiлiнiң болашағы қазақтардың өзде-рiнiң қолында» деген нақты да әбден түсiнiктi, өзiмiз де түсiнiп жүрген қағиданы неге ұстанбаймыз? Дауға салса алмастай қиған, сезiмге салса қорғасындай балқыған, өмiрдiң кез-келген орайында әрi қару, әрi қалқан болған, әрi байырғы, әрi жас, отты да ойнақы ана тiлiмiзден артық қазақ үшiн бұл дүниеде қымбат не бар екенiн түсiнетiн уақыт өтiп бара жатқан сияқты. Ендi қашанғы ұзын арқан, кең тұсауға сала беремiз? Олай болса өз елiмiзде, өз жерiмiзде ана тiлiмiздiң толық үстемдiгiн орнатып, мемле-кеттiк тiл болып қалыптасуы, тек Үкiметтiң қамқорлығымен iске аспайды, оған қосымша қазақ азаматтарының, әсiресе жастарының ынтасы болуы керек деп санаймыз. Қазақ тiлiнiң мәртебесiн асқақтату үшiн мемлекеттен аз қаржы бөлiнген жоқ.
«Қой көрмеген қуалап жүрiп өлтiредi» дегендей, дербестiк тiзгiнi қолымызға тиер тиместен, бiресе билiкке, бiресе бiрлiкке килiгетiн ұрда-жықтың қандай орға жығып, қандай сорға тап қылатынына көзiмiз жетер-дей уақыт болған жоқ па? Мұндайдан арғы-бергiде аузы аз күймеген халқымыздың әрбiр естияр азаматы тап бүгiн байлықты да, билiктi де емес, елдiктi көбiрек ойлағаны орынды болар едi. Оған ақылы жететiндер басқалардың ақылы жетпейдi екен деп айнып кетпегендерi дұрыс. Бәрiбiр салмақ қолынан iс келетiндер мен ақылы жететiндерге түседi. Сондықтан, әркiм қолынан келетiнiн аянбағаны жөн деп есептеймiз. Бұл iстегi басты катализатор – ұлттық намыс болуы екенi бесенеден белгiлi. Қалай дегенмен, қазақ тiлi ауылдың тiлi емес, билiктiң, бизнестiң, техниканың тiлiне айналатынына, меже еткен мәселелердiң орындалатынына бүгiнгi жастарды иландырсақ игi. Яғни, жарқын болашақта қазақша бiлмесең, нан табуың мұң болатынына, бiлiм мен бiлiктiлiгiн халқының пайдасына жұмсағысы келетiн жастар үшiн мемлекеттiк тiлсiз ертеңгiлiк қараңғы екенiн ұқтырсақ. Өз басыма келсек, мұражайға саяхаттап келген студент жастардың аға буынның өкiлi ретiнде осы мәселенi құлақтарына құя берудi азаматтық парызым деп есептеймiн. Иә, айта берсек жастарға көмегi тимей қалмас, немқұрайды қараудан аулақ болсақ қана үмiттiң оты сөнбес деп санаймыз.

Құттыбай АХМЕТОВ,
С.Сейфуллии атындағы Қазақ агротехникалық университетi мұражайының меңгерушiсi, Халықаралық ақпараттандыру академиясының мүше-корреспондентi

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 1 =