ҚАЗАҚЫ БОЛМЫСТЫ БОЯҒАН

0 187

Кеше Қазіргі заманғы өнер мұражайында Қазақбай Әжібекұлының «Арман дала» атты жеке көрмесі өтті. «Астана – түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында ұйымдастырылған шараға «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Астана қалалық филиалы қолдау білдірген.

 

Көрме иесі көпшілікке алпыс алты туындысын ұсыныпты. «Желді күн», «Дала гүлдері», «Көңіл толықты», «Аягөз», «Алаша» портреттері, «Дала», «Қызыл үйлер» пейзаждары, «Көк табақ», «Қызыл алмалар» натюрмортта- ры шалқар шабыт пен қылқалам құдіретін айшықтайды. Қазақбай Әжібекұлының әрбір шығармасында суретшінің ғана емес, әрбір қазақтың жаны, ұғымы бар. Әсіресе, «Алтын дала», «Қыз Жібек», «Сарыарқа», «Көшпенділер,«Құрылтай», «Қош», «Атамұра»,«Қобызшы» шығармаларынан ұлттық болмыстың исі аңқиды. Тамашалаушысын бейжай қалдырмайды.

«Қазіргі құбылмалы заманда, тәуелсіз Қазақстан мәдениетінің ұлттық идеясын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын мәңгілік құндылықтарға аса мән берген жөн» дейді суретші.

Қазақбайдың жұмыстары Тұңғыш Президент мұражайында, Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік бейнелеу өнері, Г.Айтиев атындағы Қырғыз ұлттық бейнелеу өнері музейлерінде, Ақорда резиденциясында және көптеген елдердегі жеке коллекцияларда сақталған. Ал Қазіргі заманғы өнер мұражайына «Астана» графикалық жұмысын сыйға тартқан автор. Қылқалам иесінің шығармашылығы жайында «Степная пастораль», «Сары дала», «Кескіндемеші» сияқты телефильмдер түсірілген. Ол – Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері. Мұражайдағы шараның салтанатты ашылуында партияның Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Жаңабергенов сөз сөйледі.

Кеше Қазіргі заманғы өнер мұражайында Қазақбай Әжібекұлының «Арман дала» атты жеке көрмесі өтті. «Астана – түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында ұйымдастырылған шараға «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Астана қалалық филиалы қолдау білдірген. «Бұл көрменің елордада өтуі оның маңыздылығы мен салмағын көрсетеді. Қазақбайдың шығармашылығынан қазақ ұлтының болмысын, берекесін, бейнесін байқау қиын емес. Мұндағы туындылар кейінгі буынға патриоттық тәрбие беріп, ұлтжандылығын арттырады. Сондықтан, «Нұр Отан» партия- сы суретшіні қолдап, қошемет көрсетті» деді Қ.Жаңабергенов.

 

Асхат РАЙҚҰЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

14 − 13 =