ҚАЗАҚТЫҢ МӘДЕНИЕТІ – ТОЙ

0 300

toy_2201

Алмахан Мұхаметқалиқызы, «Абайтану» орталығының директоры:

ҚАЗАҚТЫҢ МӘДЕНИЕТІ – ТОЙ

 

31-арнаның «Жұлдыздар жарқырайды»  бағдарлама­сында асабалар туралы айтып жатыр екен. Көрдім. Танымал тұлғалар тойда асабалық қызмет атқарып жүргендеріне қысыла-қымсына жауап беруде. Аттарын атап, түстерін түстемей-ақ қояйын. Қазақтың маңдайалды, елі құрметтейтін азаматтарды тілші қыз да тілгілеп, сұрақтарын жаудырып жатыр. «Әттең-ай» дедім мен. Жаратқанның ауыздарына сөз салмай тұрғаны-ай. Әйтпесе, қазақта сахна деген болып па еді?! Қазақтың сахнасы той емес пе?! Қазақтың салт-дәстүрі, ойын-сауығының өзі тойға арналған. Яғни, қазақтың мәдениеті – той. Қазақ сияқты тойға терең мән беріп, тойға барын шашып,  барынша думан жасайтын бірде-бір ұлт жоқ. Тойға, асқа барып қазақтың өнерін қалыптастырған тұлғалар аз емес. Ақан сері, Біржан сал, Майра, Қажымұқан, тағы басқаларын  тізе беруге болады. Қазір «байқау» деп уақыт шектеп, өтірік қазы сайлап жүлде алып жүргендерден, баяғыдағы қазақтың тойында өнер көрсеткендер әлдеқайда артық. Халық ешқашан қалып айтпайды. «Өнер – халықтікі» деген де бар. Шаршы топта сөз бастау оңай емес. Оның үстіне тойда ғана бастары қосылатын халықты басқару одан да қиын. Елді аузына қаратып, дүйім жұртты өнерімен сусындатып жүрген таланттарымызды мақтан етейік. Халқының қалауымен қуаныштарына ортақтасып, тойларын қызықты етіп, тыңдарманын тауып жатса, несі айып?!

Қысқасы, қазақтың мәдениеті, руханияты мен өнері –тойда. Нағыз қазақтың сахнасы – той.

Асабалардың қанша табатынында кімнің қанша жұмысы бар?  Өнерін бағалаған халық өзі беріп, өзі алады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen + 2 =