Қазақтың Күләшіне құрмет

0 19

«Астана Опера» театрының Камералық залына белгілі әнші Күләш Байсейітова­ның есімі берілді. Осынау атаулы күннің құрметіне орай кеше «Қазақтың бұлбұлы» атты концерт өтті.

– Бүгінгі таңда «Астана Опера» театрының Камералық залы – көптеген музыканттар өнер көрсетуге ұмтылатын еліміздің беделді концерттік алаңы. Бұл зал – классикалық мұраны сақтап, жаңарып отыратын қазақстандық қоғамның рухани сұраныстарын іске асыратын қазақ және әлемдік музыка мәдениеті дәстүрлерін тасымалдаушы. Аталмыш сахнада Қазақстанның ғана емес, дүниежүзінің әйгілі әртістері өз өнерлерін паш еткен, қазір де өнер көрсетіп жүр. Камералық залдың бұдан кейін «Күләш Байсейітова залы» аталуы – біз үшін зор құрмет. Ол – «КСРО халық әртісі» жоғары атағының алғашқы иегерлерінің және сол атақты жас кезінде алған тұлғалардың бірі. Оның табиғи музыкалық дарыны мен әлемдік музыканың асыл қазынасына қалдырған бейнелер шоғыры біздің жадымызда. Ол сомдаған Шұғаның бейнесі әншінің шеберлік тұрғыдан өскенін көрсетті, ал Е.Г.Брусиловскийдің «Қыз-Жібек» операсындағы Жібектің партия­сы әншіге классикалық опера өнерінің шыңына көтерілуге жол ашты, – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының директоры Ғалым Ахмедьяров.
Осы маңызды шарада Күләш Байсейітованың қызы – Қарлығаш Байсейітова балалық шағы туралы жылы естеліктермен бөлісті. Ол елорданың мәдени өмірі үшін «Астана Опера» Камералық залының аты аңызға айналған тұлға – Күләш Байсейітова­ның есімімен аталуы үлкен қуаныш екенін атап өтті. Қызы анасының алғыс хаттарының бірнеше көшірмесін, сондай-ақ әйгілі әншінің жеке мұрағатынан алынған фотосуретті театрдың арт-галереясына тапсырды. Кеше театр фойесінде айтулы оқиғаға орай көрме өтт

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 + 10 =