ҚАЗАҚТЫҢ КЕМДІКТЕ ӨСКЕН АЙНАСЫ БҰЛ

0 402

«Темірқазық» журналының жарық көргеніне – 90 жыл

1923 жылы ақпан айында Мәскеу қаласында КСРО халықтарының кіндік баспасынан «Темірқазық» атты журнал жарыққа шықты. Оның ғұмыры ұзақ болған жоқ. Бар болғаны үш саны ғана нәшрият жүзін көрді. Бірақ қазақ руханиятының тарихынан өзінің орнын ойып алды. Неге? Өйткені оның бастауында сол баяғы Алаштың маңдайалды газеті – «Қазақты» дүниеге әкелген ұлт көшбасшыларының бірі Әлихан Бөкейхан тұрды.

Бұл журналда оның «Қыр баласы» деген бүркеншек атпен түрлі тараптағы дүниелері оқырманға ұсынылды.

Қазақ халық әдебиеті үлгілерінің жиналуына ерекше ден қойған Әлихан белгілі фольклоршы Әубәкір Диваевтың 1922 жылы Ташкент қаласында басылған «Бекет батыр», «Мырза Едіге» (1923, №1, 34-35 б.) атты кі­тап­та­рына рецензия жазды.

Түркі әлемінің тұтастығын көксеген Әли­хан­ танымал археолог, орыс генералы Никан­др­ Александрович Маркстың 1913 жылы Мәс­кеу­де жарияланып, қолдан-қолға жылдам та­рап­ кеткен «Қырым аңыздары» атты жи­на­ғынан «Герейдің ажалы» (1923, №1, 23 б.), «Пай­ғамбарға хат» (1923, №2-3, 104 б.) атты хи­каят­тар­ды қазақшаға аударып басып, бауырлас халықтардың бірі туралы «Хакас» (1923, №2-3, 104 б.) атты сипаттама жариялады.

Заманауи жаңалықтарға құштар, ел ағарту мә­се­лесін ұдайы назарда ұстаған Әлиханның «Білім күші» (1923, №2-3, 87 б.), «Луи Пас­тор»­ (1923, №2-3, 74 б.) атты танымдық ма­қа­ла­ла­ры жұртпен қауышты.

«Темірқазық» журналының ерекшелігі не­де­ еді?

Әлбетте, ең алдымен оның КСРО-ның бас қа­ласында тұрақ ашқаны көңіл аудартады. Редакция Мәскеу қаласының Трубниковский тұйық көшесіндегі 19-шы үйде – 1912 жылы сәулетші П.Малиновскийдің жобасы бойынша салынған тарихи ғимаратта орналасыпты. Ол мекен-жай сол күйінше қазірге дейін сақ­тал­ған.­ Патша заманында бұл зәулім тұрғын үй­дің астыңғы қабатында шарап қоймалары жай­ғас­қан­ көрінеді. Қазан төңкерісінен соң,­ Сталин басқарған Ұлт істері жөніндегі ха­лық­ комиссариаты ірге тепкен. 1974 жылы ре­жис­сер А.Кончаловскийдің «Мосфильм» ки­нос­ту­диясы түсірген «Ғашықтар ту­ра­лы­­ романс» фильмінің кадрларында бұл үй­дің­ бейнесі молынан қамтылған. Ресей ас­та­на­сы­ның­ Орталық округіне қарасты Арбат ма­ңын­да. Ескі тарихи ғимаратта бүгінде Ресей эко­но­ми­ка­лық даму және сауда министрлігінің бір бөлігі қоныстанған.

Елден жырақта болғанына қарамастан, «Те­мір­қазықтың» редакциясына Ташкенттен, Ом­бы­дан, сондай-ақ Қазақстанның түк­пір­-түк­пі­рінен: Орынбордан, Қызылжардан, Көк­шетаудан, Керекуден, Қарқаралыдан, Қос­танайдан, Ордадан тілектестікке толы хат­тар­ легі толассыз келіп жатқан. Ескендір Шын­тас­ деген ауыл қазағы мынадай өлең жол­да­рын­ жолдапты:

Қайырлы, құтты болсын, «Темірқазық»!
Саналы аңсағанға бұл бір азық.
Етеді жолбасшылық, жөн көрсетіп,
Адассаң бағыт ауып, жолдан азып.
Қазақтың кемдікте өскен айнасы бұл,
Өзімен өзіне айтар тергеп қазып.
Аз сөзбен елден көңіл білдіремін,
Сүйелді қолдарыммен өлең жазып!

Әлихан Бөкейханның төңірегіне автор ре­тін­де­ қазақтың нағыз қайраткер әрі қаламгер аз­а­мат­тары топтасты. Олардың ішінде, әл­бет­те,­ қызмет бабына орай – сол тұста КСРО Ұлт­ ко­мис­са­риаты жанындағы Шығыс ха­лық­тары ор­талық баспа басқармасының тө­ра­ғасы бол­ған­ Нәзір Төреқұлов алдымен көз­ге ша­лы­на­ды.­­ Ол газеттің шығарушысы (бас редакторы) бол­ды.

Нәзір – тура пікірлі, қаламы өткір пуб­ли­цист.­ Қазақ тілін кеңсе тіліне айналдыру мәселесі оны қатты толғандырған. Әсіресе партияның ХІІ сьезінің әуел баста тәтті үм­іт­тер­ді оятқан шешімдеріне сүйенген ол «Ұлт мәселесі жайынан» атты мақаласында (№2-3, 1-6 б.): «Біздің Қазақ республикасында жылында мыңқ ете түскен бір қаулы болмаса, зор баға беріп, қазақ тілін хүкімет тілі қылып іс жүргізуді көздеп от­ыр­­ған бір кісі жоқ. Мен білмеймін: неге жоқ екенін – бірақ жоқ. 1921-ші жылдың басында бірнеше түркістандықтар жолбасшымыз Владимир Ильич Лениннің алдына барғанымызда, менен Ленин жолдастың ең алдымен сұраған сөзі: «Түркістанда қалай, кеңселеріңізді өз тіл­деріңізге аударып алдыңыздар ма?» деді. Ой­лап­ келгенде, бұл мәселеге Лениннің қан­ша­ зор баға беруі белгілі. Біздің Қазақ рес­­пуб­­ли­­ка­­сын­­да­ партиямыздың бұл екпінді қаулысын жүзеге шығармағанда, баяғыдай бұрыннан елді жеп келе жатқан «Читаю, писаю» деген шала тілмаштар, баяғы Ни­колай төрелерінен, болыстарынан құтыла алмаймыз. Даладан келген қара қазақ екі көзін тілмаш, төреге телміртеді де оты­рады. Тілмаш, төреден құтылмай, ел­дің­ Кеңес хүкіметіне көзқарасы тү­зе­луі, сенімі зораюы қиын. Мұны ой­ла­ма­ған­да, Орынборда комиссар болып, Қазақ республикасына нұ­рын­ шашам деген – ойын сөз», – деп жазды.

Ол қызды-қыздымен, орайы кел­ген­­де: «Біз­дің­ қазақ республика­сын­­да­ кеңсе түзу, жер­гілік­ті­ ха­лық­­қа­ жақындастыру дегенді кім­ ой­­лап­­ отыр. Мен ойлаймын: Сей­фул­лин­ жолдас­тай­ он мың «Асау тұлпар» жазып, «про­ле­та­­риат ақыны» болып, даңқын кө­тер­ген үлкен са­насыз комму­нис­тен екі-үш үйезде жақсы, ар­зан,­ іске епті кеңсе құрып берген жа­байы,­ даңқсыз коммунист анағұрлым артық», – деп те­ жібереді.

Сәкенмен арадағы салқындықты әсіресе ақын­ның­ «Асау тұлпар» өлеңдер жинағына (№1, 25-30 б.), «Бақыт жолына» (№2-3, 120-122­ б.)­ пьесасына жазған рецензияларында ай­қын­ аңғартады.

Бірінші кезекте «Кітаптағы 68 өлеңнің төрт­тен­ бірі әйелге, махаббатқа арналған» деп,­ Сәкеннің «Маржан», «Надежда, Үміт, Үми­ла»,­ ­«Жазғы кеште» секілді лирикалық өл­ең­­де­рін­ түкке тұрғысыз етеді.

Екінші ретте драма авторының «тір­ші­лік­тің­ мәнісі – сүю, құшу» деген түйініне сыншы әбден шүйлігіп: «Сәкеннің қай философиясы болсын, жүрегіңді айнытпай қоймайды. 1923 жылда, кеңес хүкіметінің алтыншы жыл дәуірінде халықты бұлай ағартуға бол­май­ды», – дейді. «Революцияға не пайдалы?» деген сауалға жауап іздеу керектігін алға қоя­ды.­­ Нәзірдің бұл көзқарасында со­цио­ло­­гия­лық­ тұрпайылау түсініктің ба­сым­дығы анық.

Белгілі оқымысты Ғаббас Тоғжанов қа­­зақ­ та­­ри­­хын­­да­­­ түңғыш рет «Ұлт деген­ не?»­­ ат­ты­ кө­лемді теориялық мақала жа­зып,­­ оны «Те­мір­­қа­­зық» журналында бас­тыр­­ды­ (1923, №2-3, 76-87 б.). Ол Еу­ро­­па ой­шыл­дары Отто Бау­эр­дың, Карл Каут­с­кий­­дің, Карл Реннердің алу­ан­ арна­лы­ тұ­жы­рым­да­ма­ла­рын­ талдай оты­рып,­ ақы­рын­да Сталиннің «ұлт­тың ең елеу­лі­ бел­гі­сі­нің бірі – экономи­ка­ ортақтығы» де­ген­ пай­ы­мы­на­ талас біл­ді­ре­ді.­ Ғаббас өзі­нің­ осы­ күнге дейін ма­ңы­зын­ жой­ма­ған­ дү­ние­сін­де:­ «Алдымен ұлт­ болу үшін керек шарт – тіл­ бірлігі. Бір тіл­де­ сөйлеу, жазу керек. Бұл­ – бір. Екінші – жер­ бірлігі. Бір жерде ор­ны­ғу­ керек, бұл – екі.­ Үшінші: тұрмыстан, тір­ші­лік қамынан, кә­сіп­­тен­ туған мінез – жан сипатының бірлігі ке­рек.­ Бұл­ – үш. Міне, осы үш шарт түгел бол­са,­ ұлт дейміз. Сонымен, «ұлт деген не?»­ деп бастаған сөзімізді «тілі бір,­ жері бір,­ ғасырлар бойындағы тіршілік кү­­ре­­сі­нен,­­ тұрмыс салтынан, жиі қатынастан ту­ған­ мі­нез­-жан сипаты бір жұрттардың қо­сы­­луы,­­ бір­ жұрт­ болуы» деп шешеміз», – деп қо­­ры­­тын­­­ды­­­лай­­ды.
«Темірқазық» ұлт тіршілігінің бір де бір­ саласын назардан шет қалдырмауға тыры­сып,­ өз бетінде тіпті кісінің аты-жөніне бай­­ла­­ныс­ты­ «-ов па? -ұлы ма?» деген ре­дак­­­ция­­лық­ мақала жа­рия­ла­ды.­ Енді содан үз­ін­­ді­­лер келтіріп кө­рей­ік:

«Бұл күнге дейін қазақ азаматтарының көбі «ов»­-пен жазып, қол қойып келеді. Бірақ бұл мещандық емес, көңіл қоймағандық, әдет қы­лып­­ кеткендік»

«Біздің қазақтың шала оқығаны «ов»-қа же­рік;­ «ов»-пен атын жазса, білгіш бола қа­ла­ды»;

«Бізге де газетте, журналда, кітапта, кең­се­де­ қа­зақ­ жұртының тіл салтына түскен оң. Біз­ өз жұртымыздың тіл заңына түссек, елге жыл­­дам­­­ жақындасамыз, елге жанасқан сайын ел­ ағарт­қан­ іс гүлдейді»;

«Сөйтіп, біздің айтайын дегеніміз: «ов»-ты­­ орысқа қайырып, қазақтың таза тілінің сал­тын­ қолдану керек дейміз. Бұдан былай­ қол­ қойғанда, не сөз арасында біреуді ата­ған­да­

«Байтұрсынұлы Ахмет», «Дулатұлы Мір­жа­қып»,­ «Қожанұлы Сұлтанбек» деп жазу дұ­рыс­ дейміз. Мақалаға қол қойғанда, Ахмет, Мір­жа­қып,­ Қойшыбай, Жаманбай деп қана жаз­са­ да болады» (1923, №2-3, 99­-101 б.).

Осылайша «темірқазықтықтар» сол дәу­ір­­дің өзінде-ақ әлі күнге дейін бір ізге түспей келе жатқан мәселенің түйінін тарқатты. Әрі оны жай декларация күйінде қалдырмай, жур­нал­ бетіндегі мақалаларының астына аты­-жөн­де­рін­ тек қана «-ұлы» деген үлгімен жа­зып,­ өзгелерге өнеге көрсетті. Бұл дәстүрді бү­гін­гі­ жур­нал­шыларымыз жаңғырта алса, әри­не,­ құба-құп.

«Темірқазық» халық әдебиетінің бай қа­зы­на­сы­нан алынған жұмбақ, жоқтау, айтыс, т.б. фоль­клорлық мұра материалдарын ел ішінен жи­ыс­тырып, жариялап отырды.

Сонымен қатар, ұлттық жазба әдебиеттің де­ мұңын мұңдап, жоғын жоқтады. Мыса­лы,­ «Ел­ асылын жасытпаңдар!» атты ре­дак­ция­­лық­­­ ма­қа­ла­да:­ «Әдебиет – халық ай­на­сы.­­ Ақын­ның­ жы­ры, жазушының кес­те­лі,­ май­да сө­зі­ елдің тілегін кестелейді, тұр­мы­сын­ су­­рет­­тей­ді,­ сезімін оятады. Елді ту­ра­ жолға бас­тай­ды,­ түзу тәрбие береді, қыс­қа­сы,­ ел­дің­ білім жүзінде теңдігін әпереді, ел­ді­гі­не жеткізеді. Бірақ бұл күнге дейін біз­дің­ көп ақын, жазушыларымыздың өлеңі, сөз­де­рі­нің­ көбі жарыққа шықпайды, елге ұсы­ныл­май­ды.­ Ешбір пайдасыз басылмай қалады. Бұ­ған­ се­­беп­­ бо­лып­ отырған – жазушы, ақ­ын­да­ры­­мыз­­дың­­ күйсіздігі. Көбінің күн көрісінің қи­­ын­­далуы. Мұны іс басындағы жауапкер қыз­­мет­­кер­­ле­­рі­міз­ көрмейді», – делінген.

Бұл – ел руханиятына журнал тарапынан шын жанашырлықтың бір белгісі.

Сөйтіп, Мәскеудің төрінен елге тараған «Те­­мір­­қазық» журналы қазақ баспасөзінің та­­ри­­хын­­да­­ ғана емес, оның қоғамдық са­на­­ соқ­па­ғының дамуында да өзгеше із қал­дыр­ды.­­

Амантай ШӘРІП,
ЕҰУ «Алаш» мәдениет және
рухани даму институтының директоры

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 − 7 =