ҚАЗАҚТЫ ҚЫТАЙ ТАНЫР «АЛШЫСЫНАН»…

0 148

Биыл наурыз айында бой көтерген бұл шағын киностудиясының мақсаты – қазақ ки­но­­сын шетелдерге таныту. Студия директоры­ Қ.Қаб­дол­даұлының айтуынша, «Алшы» атауы «Қазақ киносының келешегі жарқын, әр­дайым асы­ғы алшысынан түссін» деген ниет­пен таңдалған екен.

Бала жасынан «Ер туады еңіреп, елі менен жері үшін» дегенді жүрегіне ұялатқан азамат кино саласында төрт жылдан астам уақыт қызмет атқарып келеді. Алғаш рет таза қазақ тілінде түсірілген «Сауға» атты фильмімен Пекинде студенттер кино фестивалінің алтын медалін жеңіп алған. Сонымен қатар, «Мұңлы күн», «Қайран әке», т.б тәрбиелік мән-мағынасы терең, тағылымы мол кинолары да бар. Қ.Қабдолдаұлы жеке шығармаларымен қатар қытайдағы көптеген сериалдарды түсі­руге атсалысып, атқарушы режиссер болып жүр.
«Жақсы жігіт – жаныңа жолдас, жаман жігіт – малыңа жолдас». Бұл – Қайсардың ұста­ны­мы.­ Оның айтуынша, басты міндет – пайда табу емес, қайта қазақ киносының мәр­те­бе­сін көтеріп, халықтың жоғын түгендеу. Ал, Қытайда техникалық мүмкіндік мол. Сон­дық­тан,­ қытайлық мықты режиссерлер­мен бірлесе отырып, қазақ фильмдерін дүниежүзілік бағ­дар­ла­маға қосып, байырғы батырлар жыры мен аңыз-ертегілерін, ұлт тарихындағы ірі тұл­ға­лар­ды бүгінгі көрермендерге жаңа қалыпта көрсету, сол арқылы халқымыздың мәдениетін әлем­ге на­си­хат­тауға құштар. Сондай-ақ, «Қазақ­фильм» түсірген туындыларды қытай тіліне аударып, қытай еліне қазақтың озық жетіс­тік­терін танытуды мұрат тұтады.

«Алшы» киностудиясына бүгінде бірқатар қытайлық мамандар бас қосуда. Тәжірибелі топ жиналып, қазақтың құндылығын дәріп­тей­тін ұлттық үрдістегі жаңа туындыларды ойластыруда. Әзірге қазақ киностудияның қоржынында бірнеше жарнамалық жоба мен шағын фильмдер бар. Болашақта көлем­ді­ көр­кем­ жобалар мен Қытайда қазақ киносының апталығын өткізіп, қытай тілінде қазақ фильм­де­рін түсірмек.

Бұлбұл ҚАБДОЛДАҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen − 16 =