ҚАЗАҚТІЛДІ ҮЗДІК САЙТТАР АНЫҚТАЛДЫ

0 119

интернет-байкауМемлекеттік тілді дамыту қоры қазақтілді сайттардың ұлттық бәйгесінің қортындысын шығарды.

Жеңімпаздар 5 аталым бойынша анықталды. «Өт­кір­ тіл» аталымы бойынша мемлекеттік тіл мен ұлт­тық құндылықтарды насихаттау­шы үздік сайт болып www.ult.kz ақпараттық порталы таңдалды. «Рухани азық» аталымы бойынша үздік болып әдебиет пен мәдениетті насихаттау­шы www.mas­sagan.com интернет-сайты дараланды. «Терең ізде­ніс» ата­лымы бойынша тари­хы­мыз­ды­ насихаттаушы­ www­.abay.kz сайты үздіктер қата­ры­на ілінді. Ал «Шынайы өмір» аталымы бойынша қоғам­да­ғы өзекті мәсе­ле­лерді көтеретін www.minber.kz және «Спорт тынысы» номи­нациясында спорт және салау­атты өмір салтын на­си­­хат­­таушы www.alash­a­rena.kz сайты биіктен көрін­ді.

Шараға қор қамқоршылар кеңесінің мүшесі, ҚР Пар­ламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов, «Еу­ра­зия бірінші арнасы»­ бас директорының бірінші орынбасары Мұхтар Ерман, Қордың Сараптамалық кеңесінің мүшесі, жазушы, журналист Болат­ Жүніс­бе­ков, белгілі тележүргізуші Юлия Кушнарева және Мем­ле­кеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев төрелік етті.

Байқау жеңімпаздарының әрқайсысы бас демеуші «Самұ­рық қазына» АҚ-ның­ 150 000(жүз елу мың) теңге көлеміндегі ақшалай сый­лы­ғымен, әрбір аталым бойынша әзірлеген статуэткамен және Мемлекеттік тілді дамыту қорының арнайы дипломымен марапатталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш шара бұдан былай әр жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілмек.

 

Әйгерім БАЛҒАБАЕВА

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 2 =