Қазақтан Абайды бөле алмайсыз

0 84

Ұлттық академиялық кітапханада Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына орай «Руханияттың әлемі – Абай» атты онлайн дәріс өтіп, оған Парламент Мәжілісінің депутаты, талантты әнші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бекболат Тілеухан қатысып, ұлы тұлға туралы парасатты ой өрбітті.– Кез келген сөз танитын адамның Абайдан мақұрым болуы – қауіпті нәрсе. Абайдан қазақты, қазақтан Абайды бөле алмайсыз. Мысалы, әр елдің өз ерекшелігі болады. Айталық, қытайдың ақыл-ой негізі Конфуцийде жатыр. Сол секілді немістің руханияты Гетеге арқа сүйейді. Бізде «Абай айтты» дегенге тоқтамайтын жан жоқ. Сондықтан ақынды, былайша айт­қанда, қазақтың ақыл-парасатының, талғам деңгейінің өлшемі секілді ерекше тұлға деп айтуға болады, – деп сөзін бір қайырған қайраткер: «Менің әке-шешем Абайды жатқа білді. Одан кейін менің өнер жолындағы ұстаздарым Жәнібек Кәрменов пен Қайрат Байбосынов­тың ықпалы болды. Жәнібек аға Абайсыз сөз сөйлемеуші еді. Қандай дүниені айтса да ақыннан мысал келтіріп, әңгімелейтін. Сол маған сіңісті болды. Мектеп қабырғасында ардақты ақынның шығармаларын оқыдық, содан соң біраз тәжірибе жинап, өмірдің бұлтарыс-қалтарысын көрдік, сонда да оны толық түсіндім деп айта алмаймын. Абай атамызды түсініп біту мүмкін емес» деп салмақты пікірін білдірді. Сондай-ақ Бекболат ағамыз онлайн-дәрісте хакім атамыздың қара сөздеріне де тоқталып өтті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen + seventeen =