Қазақстанның жаңа коды +997

0 24

БҰҰ жанындағы Халық­аралық электр байланыс одағы Қазақстанға жаңа +997 дэф кодын белгіледі.

Енді біздің елден басқа мемлекетке қоңырау шалғанда, шетелдіктердің телефонында «Қазақстан» деген жазу шығады. Сондай-ақ халықаралық деңгейдегі цифрлы сервистерді қолданғанда да, барлық жерде «Қазақстан» деген сигнал көрінетін болады.
«Кезінде КСРО тарағанда, +7 халықаралық телефон коды екі елге бірдей бекітілген болатын. Біз Қазақстанға ғана тиесілі халықаралық кодқа қол жеткізу үшін былтырдан бері телекоммуникация саласындағы компаниялармен бірге жан-жақты жұмыс жүргізіп келеміз. Осы келіссөздердің нәтижесінде біздің елге дербес +997 коды бекітілді» деп мәлім етті Цифр­лық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 + 12 =