ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӨЛІК КӨБЕЙДІ

0 148

SsangYong Nomad

«AllurAuto» компаниясы ресми түрде тағы бір жаңа қазақстандық жол талғамайтын көліктің тұсауын кесті.

«SsangYong Nomad» аталатын отандық джипті БАҚ өкілдері сынап көрді. Корея­лық және отандық мамандар жоба бойынша жұмыс істеу барысында екі жыл бойы бірқатар зерттеулер мен талдаулар жүргізген болатын. Соның нәтижесінде, ұсақ торапты тәсілмен әрі 30 пайыздық тұйықтау арқылы өндірілген қазақстандық алғашқы жоба «SsangYong Nomad» көпшілікке ұсынылып отыр.

Қозғалтқыштың жанармай тұтыну көлемі – 2.3 литр, қуаты 150 а.к. болатын жаңа көліктің саудадағы құны 23 700 және 28 300 АҚШ доллары аралығында болмақшы. Автокөлік лицензиялы «Мерседес-Бенс» қозғалтқышымен, толық жетек жүйесі, сондай-ақ заманауи қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған.

Қазақстан Автобизнес қауымдастығының төрағасы Андрей Лаврентьевтің айтуынша, нарықтағы ахуал мен сұранысқа байланысты биыл бұл көліктің 2 400 данасын жасап шығару жоспарда бар. Қазіргі таңда зауытта осы желі бойынша 600 маман әр түрлі қызмет атқарады.

Ал 2017 жылға дейін жұмысшылар саны 2 000 адамға дейін артады деген болжам бар.

«Осыдан төрт жыл бұрын Қазақстанда әлемдік брендтерді тартуға мүмкіндік беретін автокөлік индустриясының дамуына екінің бірі сене бер­мейтін. Бүгінде Қазақстанның жаңа индустриалды даму көшінің қарсаңында тұрғандығына өзіміз куә болып отырмыз. «SsangYong Nomad» – бұл қадамымыздың алғашқысы ғана» деді ол.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 − 2 =