Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттырудың балама тетіктері

0 38

Сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасау –аязда өз киімін өзі өртеп отырған адам сияқты, соңында бұл адамды суық және азапталған өлім күтеді.

Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік құбылыс, қоғам дерті болғандықтан, қазіргі уақытта шешілуді талап ететін түйінді мәселелердің бірі болып табылады. Жаһандық бәсекеге қабілетті әрбір мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы мен саясатын жетілдіру арқылы бұл проблеманы тарқатуда тиімді іс-әрекеттерді жүйелендіру қажеттігін алға тартады.

Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін екі жолмен арттыру керек санаймыз. Бірінші, бағыныштылар тарапынан басшыларды бағалау жүйесін енгізу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ұлттық тәжірибесіндегі шешімін таппаған мәселелердің бірі ретінде мемлекеттік мекемеде қызмет атқаратын басшы лауазымындағы мемлекетттік қызметшілер мен оларға бағынатын өзге орындаушылық қызметтегі мемлекеттік қызметшілер арасында тепе-теңдік және тежемелік сипатындағы өзара тәуелділіктің төмендігін атап атқымыз келеді Осы проблеманы басшы лауазымындағы тұлғалардың билігін тежейтін және бағынышты тұлғалардың өзіндік ерік білдіруіне жағдай жасайтын жүйені енгізу арқылы еңсеруге болады. Сонымен қатар бұл амал мемлекеттік мекемелерде бюрократиялық әрекеттердің ықтималдығын төмендетеді деген пікірдеміз.

Бюрократияның мемлекеттік органдарда астыртын түрде орын алуы сыбайлас жемқорлықтың көрініс табуына тікелей әсерін тигізеді. Жауапты басшы тұлғалардың жауапсыздығы, қызметтегі бағыныштыларға тәуелсіздігі, жұмыс сапасының төмендігі және т.б мән-жайлар – мемлекеттік қызмет саласындағы құқық бұзушылықтарға алып келетін басты факторлардың бірі.

Біз атаған мәселеге байланысты алдын алуды қалай жүзеге асыру керек? Шығар жол біреу – бағыныштылар тарапынан басшыларды бағалау жүйесін енгізу қажет. Басшыларды бағалау жүйесінің тиімділігі мынада: біріншіден, бағыныштылар өзіндік пікір білдіре отырып, олқылықтардың жойылуына елеулі әсер ету мүмкіндіктерін пайдалана алады, екіншіден, басшылардың жауаптылығы мен есеп берушілігінің формальды сипаттан айырылып, бағынышты қызметкерлердің сыни пікірлері басшылардың  жұмыс сапасының көтерілуіне әсер етеді.

Басшыларды өзіне бағынышты тұлғалардың бағалауының артықшылықтары: басшының қызмет қарқындылығын ұжымдық қызметкерден басқа артық ешкім білмейді, сондықтан ең басты байланысты орнататын да, жоғары немесе төмен баға бере алатын да қарапайым орындаушы – қатардағы мемлекеттік қызметшілер болып табылады.

Жүйе – бір-бірімен тығыз байланысты бірінен кейін бірі реттелген тәртіппен жүзеге асырылатын нәтижелі әрекеттер деп танимыз.

Басшыларды бағалау жүйесінің мақсатымемлекеттік қызметте бюрократияны жою және демократиялық негіздерді кеңейту, басқарушы кадрлар арасында жауаптылық пен есеп берушілікті арттыру.

Екінші, Мемлекеттік қызметшілердің күнделікті қызмет есебін қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ұлттық тәжірибесіндегі шешімін таппаған келесі мәселенің бірі ретінде қазіргі таңда басты назарға алынып жатқан мемлекеттік қызметшілерді ілгерілетуді мақсат тұтатын меритократия қағидасының тәжірибеде қандай әдіспен жүзеге асырудың нақты айқындалмағандығын атап өтілген болатын.

Меритократия принципін толыққанды жүзеге асыру үшін қолымызда мемлекеттік қызметшінің қабілеті мен кәсіби даярлығын, ортақ мақсатқа қол жеткізуге қосқан үлесін бағалаудың нақты тетіктері болуы керек. Біз осындай тетіктердің бірі ретінде мемлекеттік қызметшілердің күнделікті қызмет есебін қалыптастыруды ұсынып отырмыз.

Күнделікті қызмет есебі мемлекеттік қызметшінің аты-жөні мен лауазым санатын көрсетуден бастау алып, негізгі үш бағыт бойынша жүргізу керек деп санаймыз: I «Лауазымдық нұсқаулық» бойынша міндеттерін орындауы (30 ұпай); II Қызметтік міндеттерін орындау барысында берілетін тапсырмаларды атқаруы (60 ұпай); III Өзін-өзі дамытушы тұлғалық келбеті (10 ұпай). Сондай-ақ бағалаушы тұлғаның түсіндірмесімен қорытындыланады

Күнделікті қызмет есебі мемлекеттік қызметшілердің жеке сіңірген еңбектері мен жетістіктері туралы объективті ақпарат қалыптастырып, олардың мансаптық өсуіне жағдай жасай алады.

Күнделікті қызмет есебін қалыптастыру бізге әрбір мемлекеттік қызметшінің күнделікті жүзеге асырып, орындап жатқан қызметтегі іс-әрекеттерінен хабардар болуға мүмкіндік береді. Әрбір орындалған немесе орындалып жатқан қызметтік жұмыстарын өзіндік ой елегінен өткізе отырып, жұртшылыққа баяндайды.

Біз атаған, күнделікті қызмет есебінің тиімділігі мынада: біріншіден, әрбір мемлекеттік қызметшінің жазу және орындаушылық қабілеті мен жауаптылыққа дайындығына болжау жасай аламыз. Екіншіден, күн сайын атқарып жатқан еңбегінен және жетістікке жету жолында орындаған әрбір іс-әрекеттерінен пайда болған, алып қосқан үлесін тани отырып, мойындалуға лайықты екендігіне шынайы көз жеткіземіз. Алға жылжу процесінде кім алда екендігін біле аламыз.

Біз атап отырған күнделікті қызмет есебін қолдану мемлекеттік фунцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың қызмет бабында еңбегінің шынайы әрі адал түрде бағалануына үлкен оң әсерін тигізеді.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілерді бағалау бойынша мынадай құқықтық актілер қолданылып келеді: ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа іс-қиымл агенттігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы Агенттік төрағасының 2018 жылғы 13 наурыздағы №60 бұрығы; Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №939 Қаулысы; Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы Агенттік төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы №13 бұйрығы.

Аталған құқықтық актілер мемлекеттік фунцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың күнделікті орындап отырған қызметтегі іс-әрекеттерінінің жүзеге асырылу тәсілдерін толық қарастырмаған. Яғни, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың реттелген тетіктері жеткіліксіз болып табылады.

Біз ұсынып отырған күнделікті қызмет есебін енгізу арқылы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызмет бабында көрмеленуіне, лайықты еңбегіне қарай ақысын алуына және жұмысының нәтижесіне қарай бағалауында нақты қол жеткізудің айқын тетіктерінің бірі ретінде қарастырылады.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың балама жолдарын қарастыру еліміз үшін бұл әлеуметтік құбылысты жеңуге септігін тигізген жоспарлы түрде жүзеге асырылуы қажет әрекеттердің біріңғай жүйесі ретінде есептейміз.

                                                                                                                                            Гүлмарал  СМАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 + 6 =