ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТ

0 996

Әлемдегі әрбір елдің өзіндік жүріп өткен жолы мен тарихы бар. Олардың барлығы мемлекеттің құрылуы мен қалыптасу үдерістерін басынан өткерген. Мәселен, АҚШ, Франция елдері де өркениетті қоғамға сәйкес «Президенттік билік институтын» құрып, саяси модернизация жасаған.
Ал, біздің елімізде «Президенттік билік институты» қашан құрылды және заманауи талаптарға сай қалай жасақталып дамыды деген мәселеге келсек. Еліміз тәуелсіздік алар шақта уақыттың қойған талабына, заманның ағымына сай мемлекетті басқарудың жаңа жүйесін құру және қалыптастырып дамыту қажет болды. Міне, дәл осы тұста Қазақстандағы саяси элитаның алдына күрделі мәселені шешу міндеті қойылды.

Елімізде 20 жыл бұрын бас­­талған демократиялық қай­та құру­лар, саяси жаңарулар нә­­­ти­­­­же­сіне ел болашағы тәуелді еді. Сондықтан осы бағыт­­та­ жа­сал­ған алғашқы қа­­дам 1990 жылғы 24 сәуірде Прези­­дент қызметін ендіру тура­­лы шешімнің қабылдануы де­­сек қателеспейміз.

ХХ ғасырдың 90-жылдарын­дағы жаһандық үдерістердің те­рең­дей енуімен бірге дүние­жү­зін­де орын алған жаңа­лық­­тар­дың бірі – кеңестік со­­циа­ли­с­тік республикалар одағы (КСРО) ішкі құрылым­дық шие­­ле­ніс­тер бүкіл әлемдегі ау­қым­ды өз­герістерді тездетті. КС­РО-да азаматтардың бұ­рын­­­ғы кеңестіктердегі, яғни тұ­тас кейіптегі дағдыланып, аңыз болып келген көзқарасы, одақ­тас елдерге адамдардың өмір­­ге деген бейімділігі, де­мо­­­к­ра­­тиялық құрылыс пен на­­рық­­­тық­ эко­но­ми­ка­ға ер­кін бой­­лауы, бұқаралық ақпарат құ­рал­­да­ры­ның тәуелсіздігі мен би­лік­­тің сайлан­балығы өмірдің бар­лық саласында қалыптаса бас­тады.

90-жылдардың ортасына қа­­рай жалпы қоғамдық өмірде қай­та құрулар орын алып, халық шаруашылығының барлық саласына жаңа өзгерістер ене бастады. Мұндай жаңа өзгерістерді Қазақстанның зиялы қауымымен бірге тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев қабылдап жүзеге асырды. Сөйтіп, Қазақстан тарихының жаңа кезеңі басталды. Осы орайда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Даму стратегиясын ұлттық мемлекеттік ерекшеліктерімізді, саяси тарихымыз бен мәдениетіміздің өзіндік сипаттарын, кеңестік жүйеден қалған стео­рио­тип­тер­ді, эт­ни­ка­лық дәс­түр­лерімізді, өркениеттік-мәдениет­тік аямызды түгел ескере оты­рып өзіміз анықтауымыз қа­жет» деуі әр азамат санасында ел тағ­дырына, ел болашағына қатыс­ты­лық сезімін ұялатты.

КСРО-ның ыдырауынан бүгінгі Қазақ­стан тарихының жаңа бе­ті ашылып, өтпелі кезең бастал­ды. Осы­­лай­ша егемендігін алған Қазақ­стан үшін тоталитаризм бұғауынан демо­кратиялық қоғамдық құры­лыс­қа өту басты міндет болып та­был­ды. Сонымен, Қазақстандағы жа­ңа­рулар негізі – тәуелсіздігі мен­ егемендігі. Ал қоғамдық құры­лыс­ты модернизациялаудың басты өзегі демократиялық реформалар деп тұжырымдауымызға негіз бар. Еліміздегі өзгерістер ерекшелігі – төңкеріс арқылы емес, бейбіт, эволюциялық жолмен жүзеге асты.

Кезінде, 1991 жылы Президе­нт­ Н.Ә.Назарбаевтың: «…Біздің мін­­дет­іміз – адамзат жинаған тәжі­­­­ри­бені ескере отырып, біз­дің­ рес­публиканың көпұлтты халқы­ның мүдделері мен ерекшеліктерін ба­­рын­ша ескеретін өз жолымызды із­деп табу», – деп анықтауы Қазақ­станның даму жолын таңдауында өзіндік рөл атқарғаны сөзсіз.

1990 жылы 25 наурызда­ өткен ҚазССР-інің 12-ші шақырылым­дағы Жоғарғы Кеңесіне сайлау нау­қа­нын­­да анық байқалды. Жоғарғы Кеңес сайлауына бұрын-соңды бол­ма­ған жоғарғы бәсекелестік тән болды. Осы аталған депутаттардың бі­рін­ші сессиясында 1990 жылдың 24 сәуірінде ұзақ пікірталастан ке­йін депутаттардың басым көп­ші­лі­гінің қолдауымен «Қазақ ССР Президенті қызметін тағайындау жә­не Қазақ ССР Конституциясы­на (Негізгі Заңына) өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізу туралы» Қазақ ССР-інің заңы қабылданды.
1990 жылы 24 сәуірде жоғарғы Ке­ңес­те заң қабылдағаннан кейін, Прези­дентті сайлауда жасырын дауыс беруге қатысқан 335 депутат­тың 317-сі Н.Ә.Назарбаевты қол­дап, 18-і қарсы дауыс берді. Нәти­­­жесінде Н.Ә.Назарбаев Қа­зақ­­стан­ның тұңғыш президенті бо­лып сайланды. Н.Ә.Назарбаев­ты бұл жоғарғы лауазымдық қызметке Қазақ­стан Компартиясы Орталық Комитетінің 21-пленумы бірауыздан ұсынған болатын. Бірақ бұл кезеңде Президенттік институт ту­ра­лы айту ертерек еді. Тек Прези­дент қызметі енгізіліп, Президент Жоғар­ғы Кеңеспен сайланды.

Президент мәртебесі мен өкілет­тігін анықтау барысындағы келесі маңыз­ды құжат – 1990 жылы 25 қазан­да қабылданған Қазақ ССР Мем­­лекеттік егемендігі туралы Дек­­ла­ра­ция. Декларацияда алғаш мем­ле­­кет­­тік билік бөлінісі жа­рия­лан­ды. Заң шығарушы билік – Жо­­ғар­ғы Кеңесте, Президент – Рес­пу­б­­лика басшысы және онда ең жо­ға­ры өкімдік-атқарушы билікті иелен­ді.

1991 жылғы 16 қазандағы Жоғар­ғы Кеңестің кезектен тыс VI сессия­сында Қазақ КСР Президентін сай­лау туралы заң қабылданып, осы жылдың 1 желтоқсанына прези­дент­тік сайлау тағайындалды. Заң­ға сәйкес Президентті сайлау жо­лы өзгертілді. Сөйтіп 1991 жы­лы 1 желтоқсанда Қазақстан Республи­касының азаматтары қазақтың мыңжылдық тарихында тұңғыш рет өз Президентін бүкіл халық болып сайлады.

Қорытындылай айтсақ, еліміз­дегі «Президенттік билік институты» өзіндік даму эволюциясын басынан кешірді. Заман талабына сай демократиялық өзгерістер мен қатар өркениетті қоғамға қадам басқан еліміз өзінің тарихи таңдау жолына түсті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × 5 =